Нұрсәт шағын ауданындағы Назарбеков көшесін қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Қазір Бадам өзенінен өтетін көпірден бастап Республика даңғылының қиылысына дейінгі 6,7 шақырымдық А-2 айналма жолын жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Ағымдағы жөндеу жұмыстары 20 –наурызға дейін толық аяқталады. Қазіргі таңда реконструкция жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде.
Бүгінде қала аумағындағы 400-ден астам магистральды жолдар үздіксіз тазалануда. Әр ауданға қарасты су шаю қаупі бар аумақтар қатаң бақылауға алынды. Қауіпті орындарда кезекші бригадалар бекітілді.
Қаладағы тазалау және су тарту жұмыстарына 500-ден астам жұмысшы, 40 тан астам техника жұмылдырылған. Мердігер мекемелердің көше бойындағы аялдамаларды қоқыстан тазарту, жолдарды механикалық жуу сияқты жұмыстарды сапалы орындауы жауаптылардың қадағалауында.
Биыл Тұран ауданы аумағында орналасқан 29 көшеге орташа жөндеу жүргізіледі. Бұл туралы аудан әкімі Боранбай Булатбеков БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.
Асфальт төсеу жұмыстары Карл Маркс, Қазығұрт елдімекеніндегі 1, Ақтас елдімекеніндегі 4, Құрсай елдімекеніндегі 13, Агропром, Айкөл елдімекеніндегі 3, Жаңаталап, Агрофирма, Қарасу елдімекендерінде 2 көшеде жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, биыл Құрсай елді мекеніндегі 40 көшеге шағал тас төселетін болады. Олар: Сарыбел, Ұзынағаш, Алтын асар, Қайнарлы, Жетіжар, Шапағат, Жарқайың, Таң атар, Таң атар-1, Таң-атар-2, Таң-атар-3, Таң-атар -4, Таң атар-5, Ханшатыр, Сарғау, Атауы жоқ №1,2,3,4,5,6,7,8 көшелер мен Белбұлақ, Ақтүйесай, Шорнақ, Бабақорған, Қостерек, Жылысай 1/8, Атақорған, Күмістікөл, Киіктау, Қарашығанақ, Ақбата, Ақбата өткелі, Қосқорған, Аққыстау, Қармақшы, Бадам-1, Құрылыс елдімекеніндегі көшелер. Бұл бағыттағы жұмыстар сәуір айында басталады.