ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА СТУДЕНТТІК ЖАТАҚХАНАЛАР МЕН ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕПТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫН МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ТЕТІГІНЕ АРНАЛҒАН «ROAD SHOW» ФОРМАТЫНДА АҚПАРАТТЫҚ АКЦИЯ ӨТКІЗІЛУДЕ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА СТУДЕНТТІК ЖАТАҚХАНАЛАР МЕН ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕПТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫН МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ТЕТІГІНЕ АРНАЛҒАН «ROAD SHOW» ФОРМАТЫНДА АҚПАРАТТЫҚ АКЦИЯ ӨТКІЗІЛУДЕ

Білім беру саласын дамытуға бағытталған әлеуметтік жобаларды одан әрі ілгерілету мақсатында ағымдағы жылдың 14-15 наурыз аралығында Шымкент қаласында «Road Show» форматында ақпараттық акция өтуде.
Акция бағдарламасы студенттік жатақханалар мен жекеменшік мектептердің құрылысын мемлекеттік қолдау тетігіне арналған бірқатар ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын қамтиды.
Сондай-ақ, акция бағдарламасында мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (aqyl депозиті) және білім беру кредитіне кепілдік беру бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесуі жоспарлануда.
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы Маулен Айманбетов пен тиісті сала басшылырының қатысуымен өткен жиында мектеп құрылысы үшін жер телімдерін ресімдеу, инженерлік желілерді жобалау, құрылыс компанияларына қойылатын біліктілік талаптары пысықталды. Сондай-ақ, отырыста ұлттық жобаны іске асыруда жергілікті отандық материалдардың пайдаланылуы, оқушылар үшін қауіпсіз орта құру қажеттілігі ерекше атап өтілді.
Шымкент қаласы бойынша орта білім беру нысандарын салу жөнінде Жол картасы жасалады. Ұлттық жоба аясында қалада 25 мектеп салынады, биыл – 12, келесі жылы 13 ғимараттың құрылысы жүргізіледі.
Қазір қалада үш ауысымды 4 білім ошағы бар. Жыл соңына дейін пайдалануға берілетін ғимараттар есебінен бұл мәселе түбегейлі шешіледі.
Қала басшысы жауаптыларға салынатын ғимараттардың сапасын, өндірістік кестеге сай аяқталуын қадағалауды тапсырды. Сондай-ақ құрылыс жүргізілетін аумақтарды тиісті инфрақұрылым жүйелерімен қамтамассыз ету, ғимараттардың барлық талаптарға сай жабдықталуы бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...