Мемлекеттен төленетін төлемдерден басқа, кәсіпкер оқу ақысын белгілеуге құқылы, ол оның кірісі есебінен жүзеге асырылады. Оқу ақысы қазақстандық оқыту нысаны кезінде жылына 1200 АЕК-тен, халықаралық оқыту нысаны кезінде жылына 2400 АЕК-тен аспауы қажет.
Ақшалай төлемдер түріндегі мемлекеттің жоғары қажеттілігі мен қолдауын ескере отырып, кәсіпкерлерге жеке мектептер салу тиімді деген қорытынды жасауға болады.
Бағдарламаның операторы «Қаржы орталығы» АҚ болып табылады және бағдарламаға қатысу үшін жерге құқық белгілейтін, сәйкестендіру құжаттарымен, заңды тұлғаның болуы туралы құжаттармен алдын-ала келісімшарт жасасуға өтінім беру жеткілікті.
4 серіктес банкпен жұмыс жасайды:
Халық банк – 9% + 7 %-ға дейін мемлекеттік сыйақы (колл-центр:7111);
Jysan Bank – 8.3 % + 7 %-ға дейін мемлекеттік сыйақы (колл-центр:7711);
ВТБ банк - 9% + 7 %-ға дейін мемлекеттік сыйақы (колл-центр:5050);
Nurbank - 8.8 % + 7 %-ға дейін мемлекеттік сыйақы (колл-центр:2552);
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы Маулен Айманбетов пен тиісті сала басшылырының қатысуымен өткен жиында мектеп құрылысы үшін жер телімдерін ресімдеу, инженерлік желілерді жобалау, құрылыс компанияларына қойылатын біліктілік талаптары пысықталды. Сондай-ақ, отырыста ұлттық жобаны іске асыруда жергілікті отандық материалдардың пайдаланылуы, оқушылар үшін қауіпсіз орта құру қажеттілігі ерекше атап өтілді.
Шымкент қаласы бойынша орта білім беру нысандарын салу жөнінде Жол картасы жасалады. Ұлттық жоба аясында қалада 25 мектеп салынады, биыл – 12, келесі жылы 13 ғимараттың құрылысы жүргізіледі.
Қазір қалада үш ауысымды 4 білім ошағы бар. Жыл соңына дейін пайдалануға берілетін ғимараттар есебінен бұл мәселе түбегейлі шешіледі.