Шымкентте 4379 авто заңдастырылды

Шымкентте 4379 авто заңдастырылды

Қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша шетелдік автокөлікті заңдастыру бойынша 9026 азамат жүгінді. 4379 автокөлік заңдастырылды. Көлік иелеріне қазақстандық техпаспорттар мен мемлекеттік нөмірлер берілді. Оның ішінде 3269-Ресей Федерациясының көлігі болса, 934-Армения, 79-Грузия,2-Белорусия, 7-Біріккен Ұлттар Әмірлігі, 66-Қырғызстан, 2-Литва, 17-Корея, 1-АҚШ, 2-Германия елдеріне тиесілі.
Айта кетейік, Қазақстан азаматтары 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін шетелден акелген жеңіл автомобильдер, шағын және орта автобустар, шағын жүк көліктері, басқару рөлі оң жақта орналасқан көлік құралдарын заңдастыруына болады.
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 11 қаңтардағы №13 қаулысына сәйкес, қазақстандықтар Қазақстан Республикасына 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген автокөліктерді eGov.kz порталының «Автокөлікті заңдастыру үшін тексеру» атты жаңа сервисі арқылы заңдастыра алады. Жаңа сервис тек электрондық өтініш беруге арналған. Өтініш бойынша B (жеңіл автомобильдер) және D1 (микроавтобустар) санатындағы көлік құралдарының мынадай талаптарға сәйкестігін тексеру жүзеге асырылады:
- көлік құралын 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелу;
- көлік құралына қылмыстық белгілердің болмауы;
- кедендік тазартудың болуы.
Заңдастыру үшін автокөлікті есептен шығару қажет. Көлікті есептен шығарғаннан кейін ғана Қазақстанда тіркеуге қоюға болады. Ел ішіндегі автокөліктерді сатып алған кезде де сатып алушы оны тіркеуден шығарып, өз атына тіркеуге қояды.
Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін шетелдік көлік құралдарын заңдастыру алғашқы тіркеу үшін алым (200 мың теңге), техпаспорт үшін мемлекеттік баж (4 313 теңге) және мемлекеттік нөмір үшін (9 660 теңге) төлеу арқылы іске асады, деп хабарлайды Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...