ШЫМКЕНТ: «ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ

ШЫМКЕНТ: «ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің нұсқауына сәйкес, жедел жағдайды сауықтыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың 15-наурызынан «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.
Кезекті рейд барысында тәртіп сақшылары жалға берілетін пәтерлерді, саяжай алқаптарын, демалыс аймақтарын, құрылыс объектілерін, базарларды, техникалық қызмет көрсету станцияларын, шаруа және фермер қожалықтарын, шалғайдағы учаскелерді, қару-жарақ заттарын заңсыз сақтау фактілерін анықтау тұрғысында тексеру жұмыстарын жүзеге асыратын болады.
Сондай-ақ, полиция қызметерлері қоғам тыныштығын күзетіп ғана қоймай, түрлі деңгейдегі қылмыстарды болдырмауға жұмыла жұмыс жасайды. Жекелеген қылмыстардың алдын-алу мақсатында тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Қоғамдық тәртіптің сақталуын қатаң қадағалайды.
Құқық тәртібі — құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар жүйесі; өмірге енгізілген заңдылық, оны жүзеге асыру нәтижесі. Қоғамдық тәртіптің негізгі құрамдас бөлігі. Құқық тәртібі қоғамдық өмірдің түрлі салаларын реттейтін, адамдардың мінез-құлқына әсер ету сипатымен бір-бірінен ерекшеленетін әлеуметтік нормалар түрлерін: әдет-ғұрыпты, мораль нормаларын, ұйымдардың ішкі ережелерін жүзеге асыру негізінде қалыптасады. Құқық тәртібі мемлекетте белгіленген тәртіп негізінде қабылданған құқық нормаларымен реттеледі. Қоғамдық қатынастар құқығын реттеуші ретінде құқық тәртібі барлық азаматтардың, органдар мен ұйымдардың заңдылықты сақтауымен, субъективтік құқықтарды қамтамасыз етіп, іске асыруымен, заңды міндеттіліктерді орындауымен сипатталады.
Айта кетейік, республика көлемінде қолға алынған «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы 17-наурызға дейін жалғасады, деп хабарлайды Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...