Бүгін аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков жеке қабылдауына жазылған азаматтардың өтініштерін тыңдады.
Жеке қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі жер мәселесі, тұрғын үй, ауыз су және жеке бастарына қатысты басқа да мәселелерді жеткізді.
Боралдай елді мекенінен келген жәр мәселесі бойынша сауалға қолданыстағы заңға сәйкес түсінікте берілді. Баспана сұрап келген Шақпақтық азаматқа аудан әкімі қазіргі таңда ауданда тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатқан жоқ екендігін, алдағы уақытта тұрғын үй соғылса пәтерлер кезекте тұрғандарға заң аясында ғана кезек тәртібімен берілетінін түсіндірді.
Ауыз суға байланысты көтерген мәселе бойынша аудан әкімі жұмыс кестесіне енгізіп Алмалы ауылдық округіне арнайы барып, мән-жағдаймен танысатынын айтты.
Жалпы бүгінгі қабылдауда тұрғындар тарапынан қойылған сауалдар бойынша зерделеп тиісті жұмыстар жүргізу үшін жауапты бөлімдерге тапсырма жүктеді.