ШЫМКЕНТТЕ МӘҢГІЛІК АЛАУҒА ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ МӘҢГІЛІК АЛАУҒА ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ

Шымкент қаласында 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесі жоғары деңгейде атап өтілді. Мерекеге орай Абай саябағында орналасқан Даңқ монументіндегі Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Оған Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов пен қалалық мәслихаттың төрағасы Бахадыр Нарымбетов, соғыс және тыл ардагерлері мен қаза болған жауынгерлердің ұрпақтары, әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері де қатысты.
Жиналған көпшілік Ұлы Отан соғысы жылдарында майданда қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, олардың рухына тағзым етті.
Айта кетейік, 1941-1945 жылдары Шымкент қаласы мен оңтүстік өңірден 140 мыңнан астам жауынгер соғысқа аттанып, олардың жартысына жуығы туған жеріне қайта оралмаған.
Гүл шоқтарын қою рәсімінен кейін қала әкімі М.Әйтенов Абай саябағы аумағында арнайы жасақталған далалық-әскери лагерьге келіп, соғыс және тыл ардагерлерімен бірге театрландырылған қойылымды тамашалады. Онда өнерпаздар майдан даласынан көріністер қойып, соғыс жылдарының әйгілі әндерін шырқады.
Елімізде екінші дүниежүзілік соғысының 222 ардагері бар.
Соғысқа шақыртылғандар – 1,2 млн.
Қаза тапқандар – 600 мың.
Орден, медаль алғандар – 100 мың.
Кеңес одағының батыры атанғандар – 500.
Екі мәрте кеңес одағының батыры атанғандар – 4.
ІІІ дәрежелі даңқ орденімен марапатталғандар - 110.
Бұл күн бейбіт өмір мен жарқын болашақ үшін қолға қару алып, қан майданда жауға қарсы жанкештілікпен шапқыншылық жасаған ержүрек жауынгерлеріміздің ерлігі мен батырлығына тағзым ететін қастерлі күн!
Отан үшін отқа түсіп, аман қайтқан майдагерлеріміздің алдында бас иеміз!
Дегенмен, уақыт өз дегеніне жетеді. Жыл өткен сайын Жеңісті жақындатқан ардагерлеріміз бен тылда тер төккен еңбеккерлеріміздің қатары сиреп барады.
Қадірменді соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, құрметті шымкенттіктер!
Сіздерді Жеңіс мерекесімен құттықтай отырып, мықты денсаулық, ұзақ та бейбіт өмір, шаңырақтарыңызға бақ-береке мен ынтымақ тілеймін!

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ