ORDABASY: ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАБУДА

ORDABASY: ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАБУДА

Тұрғындарды үздіксіз ауыз сумен қамтамамыз ету үшін 45 елді мекеннің су құбыры желілерін жөндеу, су мұнарасын ауыстыру, 3 елді мекенде жер асты су қорына іздеу-барлау жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, 2022 жылы 9 ауыз су жүйесінің құрылысы жүргізіліп, 2 жоба пайдалануға беріліп, 7 жобаның (5 е.м) құрылыстары биылғы жылы аяқталады.
Бүгінгі таңда халықты сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші 94,6% құраса, биылғы жылдың соңына көрсеткіш 99% жетеді.
Құбырлы ауыз сумен қамтылмаған 3 елді мекенде (Мәдениет, Жұлдыз, Ынтымақ) құрылыс жұмыстарын жүргізу мақсатында жобалық құжаттамаларына қаржы бөлінді. Құрылыстары 2024-2025 жылдары жүргізіліп, ауданның халқы сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші 100% жететін болады.
Ауданның елді мекендері толық орталықтандырылған электр желісімен қамтамасыз етілген.
2022 жылы 5 нысанның құрылысы жүргізіліп, 3 елді мекеннің жаңа құрылыс аумақтарындағы 7581 абонент сапалы электр қуатымен қамтылды.
2023 жылы 6 нысанның құрылысы жүргізіліп, жалпы 5893 абонент сапалы электр қуатымен қамтылады.
Одан бөлек аудандық бюджет есебінен
10 дана трансформатор орнатылып,
6,4 шақырым электр желілері жаңартылады. 4 елді мекеннің жаңа құрылыс аумақтарын электрмен қамту үшін ЖСҚ әзірленеді.
«Оңтүстік жарық» ЖШС инвестициялық бағдарламасы аясында жалпы 59,15 шақырым желілер жаңартылады.
Автомобиль жолдарын орташа жөндеуге 2022 жылы 47 жоба қаржыландырылып, нәтижесінде:
- Аудандық маңызы бар жолдардың қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі
39,1%-дан 73,6%-ға жетті;
- Елді мекендердегі ішкі көшелердің қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі
45%-дан 48%-ға жетті;
- Топырақ жолдардың үлесі
41,2%-дан 35,6%-ға төмендеді.
Одан бөлек, аудандық бюджет есебінен 23 көше (20 жоба) және «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында 27 көше (13 жоба) орташа жөндеуден өтеді. Нәтижесінде елді мекендердегі ішкі көшелердің қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 60%-ға жетеді.
Биылғы жылы аудандық маңызы бар 4 жолға (Қалаш, Дихан, Тоқсансай, Жайылма) орташа жөндеу жұмыстары жүргізу мақсатында ведомстволық сараптама қорытындысы алынып, қаржыландыруға ұсынылады.
Көшелерді жарықтандыру мақсатында жалпы құны 150,7 млн. теңгеге 29 көше жарықтандырылды. Нәтижесінде аудандағы елді мекендердегі 140 көшенің жарықтандырылуы 20,6%-ға жеткізілді.
2023 жылы 10 көшені толық жарықтандыру жоспарлануда, немесе көрсеткіш 22,1%-ға жоғарлайды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...