Шымкентте заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар ұсталды

Шымкентте заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар ұсталды

Шымкентте заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар анықталды,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тұлғаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

«Заңсыз ойын залдары республикалық «Стоп-игра» жедел-профилактикалық шара аясында анықталды. Атап айтқанда, Шымкент қаласының екі мөлтек ауданында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегімен ақшалай ұтыс беретін лото-терминалдар қызметінің жолы кесілді», - делінген ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының үкімімен қала тұрғыны ҚР ҚК 307-бабының 1-бөліміне сәйкес (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 200 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Тәркіленіп алынған айғақты заттар (7 лото терминал) мемлекет пайдасына өндірілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алдағы 5 жылда Шымкентте 600 мың ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Биыл 200 мыңға жуық ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде.  Қала...