«Қазақстан аруы» ұлттық сұлулық байқауының дирекциясы дәстүрлі шоуды келесі жылға ауыстыру туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Биыл тек онлайн форматта өңірлік іріктеу турлары өтетіні айтылады.
«Осындай қиын уақытта финалды ауыстыру туралы шешім қабылдай отырып, біз бар күш-жігерімізді «Сұлулық мейірімділікте» әлеуметтік жобасын дамытуға бағыттауға ниеттіміз. Тек бірлескен күш-жігермен еріктілер қозғалысына, қайырымдылық жобаларына белсенді қатысумен ғана біз көрінбейтін жауды жеңе аламыз», - деді «Қазақстан аруы» директоры Алена Кырбасова.