ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

Аудан әкімі Қайрат Жолдыбай 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесінің қарсаңында бірқатар өзге ұлт азаматтарын Алғыс хаттармен марапаттады.Айта кетсек, аудан әкімінің мерекелік Алғыс хатына Лепцова Азиза,Тазетдинова Эленора, Каюмова Гүлчехра, Николаева Леся және Ибадуллаев Усен сынды ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген өзге ұлт өкілдері ие болды.
"Сіздерді 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздердің қоғамдық келісім ұлттық бірлікті қамтамасыз ету, қоғамдағы татулық пен бірліктің нығаюы бағытындағы еңбектеріңізге шынайы алғысымды білдіремін. Бұл мереке бейбітшілік пен келісімді бағалайтын барша қазақстандықтар үшін айырықша маңызға ие. Алдағы уақытта да қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, ауданның өсіп-өркендеуі жолында еңбек ете берулеріңізге тілектеспін. Сіздерге мықты денсаулық , отбасыларыңызға бақ-береке, барлық бастамаларыңызға табыс тілеймін"-деді Қ.Жолдыбай.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ