САЙРАМ: ОШАҚТЫ АУЫЛЫНА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

САЙРАМ: ОШАҚТЫ АУЫЛЫНА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қайнарбұлақ ауылдық округіне қарасты Ошақты ауылының биі Б.Нұсқабаев және жергілікті тұрғындары аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Хасанов Бахытбек Сембекұлының жеке қабылдауында болды. Ауыл белсенділері Ошақты ауылының тұрғындарын толғандырып отырған мәселелерге әкімдік тарапынан назар аударуды сұранды.
Көтерілген мәселелердің ішінде ауыз су мұнарасы ескіріп, тозығы жетуіне байланысты ауыз су ұңғымасын іске қосу, Т.Рысқұлов көшесі бойындағы электр трансформаторын ауыстыру, жоғары кернеулі электр желілерін көше бойымен қайта жүргізу, осы көшенің жол бойының екі жағынан жасанды жол кедергілерін орнату, КХ-36 «Ынтымақ – Көмешбұлақ ауылы» бағытындағы автожолының «Шымкент-Шаян» бағытындағы «КХ-37» облыстық маңызы бар автожолына тікелей келген жол бөлігіндегі жиектастарды алып тастау, спорт алаңшасын салу қажеттіліктері талқыланды.
Қабылдауға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мади Нурлыбаев, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімі басшысының орынбасары Н.Әбдібаев, ауылдық округінің әкімі Есбол Дүйсебаевтар қатысып, салаларына қатысты тиісті ұсыныс-пікірлерін айтты.
Басшы аталған мәселелердің шешу жолдарын заң аясында түсіндіріп, нақты жұмыстарды атқаруды тиісті бөлім басшылары мен ауылдық округінің әкіміне тапсырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ