Сарыағаш ауданының білім бөліміне қарасты №69 ЖОББМ 5-11 сынып оқушыларының «Техникалық шығармашылық және өнертапқыштар» (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысының аудандық кезеңі өтті.
Жарыс мақсаты: Қазақстан Республикасында балалардың техникалық шығармашылығын дамыту, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру, білім алушылардың өзін-өзі кәсіби анықтауы үшін жағдай жасау.
Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың жарысы бағдарламасының аясында әуе, зымыран, авто және кемемоделдеу бойынша шығармашылық жұмыстардың көрмесі ұйымдастырылды; робототехника, авто және кемемодельдеу бойынша жарыстар өтті.
Жарысқа аудандағы жалпы білім беру ұйымдарының шығармашыл, өнертапқыш оқушыларынан 5 номинация бойынша 29 оқушы қатысты. Оның ішінде әуе, авто, кеме, зымыран модельдеу және робототехника бойынша 6 жеңімпаз анықталып, облысқа жолдама алды.