ЖЕҢІС ЖАҢҒЫРЫ – МӘҢГІ ЖАДЫМЫЗДА!

ЖЕҢІС ЖАҢҒЫРЫ – МӘҢГІ ЖАДЫМЫЗДА!

Бүгін, Шымкент қаласы Полиция департаментінің музейінде Ұлы Жеңіс күнінің 78 жылдығына арналған іс-шара өткізілді. Маңызы зор жиынға ҚР ІІМ-не қарасты мемлекеттік күзет басқармасының қызметкерлері мен жас мамандар қатысты.
9 мамырда ТМД елдерінің, соның ішінде Қазақстанның аумағында жыл сайын бүкілхалықтық мереке – Жеңіс күні атап өтіледі
Жеңіс күні - жыл сайын тоғызыншы мамырда тойланатын мереке. Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан бері көптеген жылдар өтті. Қазіргі ұрпаққа соғыс жылдары қандай болғанын елестету өте қиын. Өйткені, біздің бақытымызға орай, бейбітшілікте туып, соғыстың қасіретін тартпадық.
Бұл күні біздің жүрегімізде бақыт, қуаныш сезімдері, ең бастысы - мақтаныш сезімдері бар.
Келушілерге «Жеңіс жаңғырығы» тақырыбында, ҰОС ардагерлері туралы тың мәліметтер беріліп, документальді фильм көрсетілді. Сондай-ақ, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, ерлік жасаған қаһармандармен бірге, полиция қатарындағы бейбіт күннің бүгінгі батырлары да таныстырылды.
Атап айтқанда, ІІ-дәрежелі Айбын орденінің иегері, Шымкент ҚПД Тұран АПБ Криминалды полиция бөлімінің аға жедел уәкілі полиция капитаны Арипжанов Арман жас мамандарға қызмет барысындағы қырағылық, шапшаңдық, батылдық пен тәуекелшілдік туралы сөз қозғады. Сонымен қатар, өз тәжірибесінде аса қауіпті қылмыскермен қалай бетпе-бет келіп, қоғамға төнген қауіптің бетін қайтарғанын әңгімеледі.
Шара соңында, департаменттің ғимарат күзету взводының командирі полиция капитаны Ганибаев Александр жас мамандармен сұрақ-жауап жүргізді. Келушілер бұдан бөлек, Қазақстан полициясы тарихы мен оның негізін қалаған қайраткер азаматтар жайында көптеген музей экспозициямен танысып жақсы әсерде кетті.
Біз, Ұлы Отан соғысына қатысқандардың ерліктері туралы еш уақытта ұмытпаймыз. Бұл мереке - тек ардагерлер мен соғыс балалары үшін ғана емес, біз үшін де мереке.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ