ТҮРКІСТАН: ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ «ХАЛЫҚТЫҚ КЕҢСЕ» ҚЫЗМЕТІНЕ 24197 АЗАМАТ ЖҮГІНГЕН

ТҮРКІСТАН: ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ «ХАЛЫҚТЫҚ КЕҢСЕ» ҚЫЗМЕТІНЕ 24197 АЗАМАТ ЖҮГІНГЕН

Түркістан қалалық «Халықтық кеңсе» мекемесі жүйелі жұмыс істеуде. Жыл басынан бері мекемеде 1711 өтініш тіркелген.
Оның 1479-і жеке тұлғадан, 232 өтініш заңды тұлғадан түскен.
Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,4%- ға (2022 жыл 3 ай көрсеткіші –1919 өтініш) 208 өтінішке азайған.
Көрсеткіштерге сәйкес, өтініштердің 1501-і орындалып, 65 өтініш қатыстылығына қарай тиісті органдарға жолданды, 152 өтініш бойынша жоспарлы жұмыстар атқарылуда.
Өтініштердің 798-і тұрғын үй саласы, 389-і жер қатынастары саласы бойынша болса, инфрақұрылым саласы бойынша – 226, құрылыс – 99, әлеуметтік сала – 82, кәсіпкерлік сала –17, өзге мәселелер – 58, мәдениет, спорт, туризм, ішкі саясат, цифрландыру бойынша 42 өтініш қаралған.
Аталған мекемеге қала әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін 101 өтініш тасталған.
Шаһар басшысы 101 тұрғынды жеке мәселесімен қабылдап, тиісті бөлімдерге 127 тапсырма жүктеген.
Оның бүгінде 124-і орындалып, 3 тапсырма аясында жұмыстар жүргізілуде.
Аталған мекеме Ғ.Мүсірепов көшесі, №17 ғимаратында орналасқан.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 12 мамырынан бастап Қазақстанда алғаш рет өнеркәсіптік кәсіпорындардың технологиялық жабдық сатып алуға жұмсалған шығындарын өтеу тетігі іске...

Мемлекет басшысы берген тапсырмаларға сәйкес, Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен кеңесте ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі министр...

Қостанай облысына жұмыс сапары аясында Премьер-министр Олжас Бектенов көктемгі дала жұмыстарының барысын тексеріп, өңірдің ауыл шаруашылығы...

ҚР Әділет министрлігі Атқарушылық іс жүргізуді цифрландыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. «Цифрлық көмекші» форматты-логикалық бақылау ақпараттық жүйеде қабылданған...