Бүгін аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков Алғабас ауылдық округінің орталығы Шақпақ елді мекенінің тұрғындарымен кездесті. Ауылдық клубта өткен кездесуде Шақпақтық тұрғындар ауыз су мәселесін қозғап, аудан әкіміне сұрақтарын қойып, өздерінің толғандырған ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
- Өздеріңізбен бұған дейінгі есепті кездесулерде ауылды газдандыру, ауыз су, спорт кешені басқа да әлеуметтік мәселелерді айтқан болатынсыздар. Уәде еткенімдей жобалық сметалық құжаттама жасалынып, қазіргі таңда газдың құрылысы басталды. Аурухананы жөндеуден өткізу үшін тиісті қаржысын бөлдіртіп, жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Геологиялық зерттеулер жүргізіліп, су қоры айқындалғаннан кейін өткен жылы су ұңғымасы қазылды. Өтініштеріңіз бойынша құбырлары жарамайды деген соң тиісті қаржы бөлдіртіп, ауыз су жүйесіне қайта құру жұмыстарының құрылысы басталды. Келесі жылға осы ауылдағы 11 көшені жөндеуден өткізу үшін ЖСҚ-ын әзірлеу жөнінде ауыл әкіміне тапсырма бердім. Сондықтан биыл газ бен ауыз судың құбыры елді мекеннің ішінде кедергісіз толық, сапалы жүргізіліп, топырағы табиғи отыру керек, - деді аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан айқындалған жер асты суын шығару үшін қанша метрге дейін қазылғанын арнайы апаратпен тексерту жөнінде ұсыныс айтылды.
Аталған ұсыныс бойынша аудан әкімі жиында жауапты мекемеге қанша метрге дейін қазылғанын құрылғымен тексерту жөнінде тапсырма берді.
Аудан әкімінің Шақпақтық тұрғындармен өткен кездесуіне аудандық мәслихат төрағасы Асқар Кенехан, аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев, тиісті бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты.