Сондай ақ спикер «Jauynger.gov.kz» қызметы туралы айтты. Платформаның көмегімен келісімшарттық қызметке қабылдау едәуір жеңілдейді.
«Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштерге жұмысқа орналасу процесін жеңілдету үшін түрлі ақпараттық жүйелермен 10-нан астам интеграция жүзеге асырылды. Қызметті осы күзде іске қосу жоспарда бар. Сервисті енгізу келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау мерзімін 6 айдан 1 айға дейін қысқартуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Дархан Ахмедиев.
Спикер отандық технологияларды қолдау және дамыту мақсатында Defense Tech кеңсесі іске қосылғанын хабарлады. Осылайша, Қорғаныс министрлігі IT-компаниялармен ынтымақтастықты кеңейтуде.
«Осы бағытты дамыту үшін технологиялық конкурс, Defence Tech жобаларының скаутингі, күштік ведомстволарда қолданылуы мүмкін шешімдерді іздеуге арналған хакатондар сияқты іс-шаралар өткізілді. Іс-шараларға қазақстандық компаниялар, инноваторлар, өнертапқыштар, еліміздің техникалық жоғары оқу орындарының ғалымдары мен студенттері қатысты. Үздік жоба әзірлеушілеріне ақшалай сыйақылар мен мүдделі ұйымдармен жобаларды одан әрі іске асыру мүмкіндігі бірілді», – деп толықтырды спикер.
Сонымен қатар түрлі форумға қатысу ұйымдастырылады, онда технологиялық компаниялармен ынтымақтастықта қорғаныс технологиялары саласындағы отандық әзірлемелер ұсынылады. Алдағы уақытта IT-компаниялармен бірлескен іс-шаралар мен ынтымақтастық нысандарын кеңейту жоспарлануда.