ТҮЛКІБАС: АУДАН ӘКІМІ ТАСТҰМСЫҚ ЖӘНЕ МИЧУРИН АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРМЕН ТАНЫСТЫ

ТҮЛКІБАС: АУДАН ӘКІМІ ТАСТҰМСЫҚ ЖӘНЕ МИЧУРИН АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРМЕН ТАНЫСТЫ

Аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов және аудандық мәслихаттың төрағасы Хамит Байысбаев жұмыс сапарымен Тастұмсық және Мичурин ауылдық округтерінде болып, аймақтағы әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандардың жағдайын бақылап, халқымен кездесті.
Бірінші кезекте Тастұмсық ауылдық округінде болған Нұржан Жақсылықұлы округте көп жылдан бері түйіткілді мәселе болып келген жер кезегіндегі азаматтардың өтінішін қанағаттандыру және бала санының артуына байланысты қосымша мектеп ғимаратын және жаңа кітапхана соғу мәселесіне тоқталды. Мамандармен бірге округтің шекарасын кеңейту жобасында белгіленген жерге табан тіреп, ауыл әкіміне аталған учаскіден 23 гектар жерді қайтару бойынша Заң талаптарына сай тиісті жұмыстар атқаруды тапсырды. Жері қайтарылып, қажетті құжаттар дайын болғаннан соң облыстық салалық басқармаға инфрақұрылым тартуға ұсыныс берілетінін атап өтті.
Содан соң, Жыланды ауылында болған аудан әкімі жергілікті тұрғындармен кездесіп, көкейлерінде жүрген өтініштеріне құлақ асты.
Жыландылықтар көтерген ауыз су мәселесін шешу мақсатында жауапты «Тұраркент су» мекемесінің басшысына нақты тапсырмалар жүктеп, тұрғындардың өтінішін қанағаттандыру мақсатында 10 күн мерзім белгіледі. Ал, тұрғіндардың ауыл соңындағы 4 гектар жерге инфрақұрылым тарту өтініші бойынша тиісті жұмыстар атқарылатындығын жеткізді.
Нұржан Жақсылықұлы жұмыс сапарын Майтөбе ауылдық округінде жалғастырды.
Бұл жерде де аудан басшысы әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарды жаяу аралап, бүгінгі жай-күйін бақылады.
Округ тұрғындарымен кездесіп, олардың өтініштерін тыңдады. Тұрғындармен бірге өзекті мәселелер көтерілген аймақта болып, халықпен ақылдаса отырып мәселенің түінің шешу жолдары қарастырылды.
Сонымен қатар, аудан басшысы аймақтағы «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жүзеге асатын жобалармен танысып, кәсіпкерлермен кездесті.
Кездесуде кәсіпкерлер тарапынан айтылған өтініштерді назарға алып, жобаларын ілгерілету мақсатында Заң талаптарына сай барлық қолдаулар көрсетілетінін жеткізді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ