Алматыда сот шешімі бойынша мейрамхананың жазғы террассасы сүріледі

Алматыда сот шешімі бойынша мейрамхананың жазғы террассасы сүріледі

Алматының орталығындағы "Чачапури" мейрамханасының жазғы террасасы заңсыз тұрғызылған. Қала тұрғындарының өтініші негізінде Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша қала құрылысын бақылау басқармасы (бұдан әрі – басқарма) Абылай хан даңғылы, 107 мекенжайдағы тұрғын үйге қосалқы салынған нысанды және жазғы алаңға тексеру жүргізді.

Тексеру нәтижелері бойынша жалға алушы "Матадор" ЖШС" Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 322-бабы 1, 319, 323-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды, басқарма меншік иесі мен жалға алушыға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі ауданаралық сотқа және мемлекеттік қор аумағында орналасқан заңсыз салынған жазғы алаңды бұзу туралы ауданаралық экономикалық сотқа талап арыздар берді.

Басқарманың талап-арыздары қанағаттандырылды, алайда Алматы қалалық сотына апелляциялық шағым түсті. Сот процестері 2023 жылдың 25 сәуірінде аяқталды – апелляциялық соттың қаулысымен сүру туралы шешім өзгеріссіз қалды. Сүру ағымдағы жылдың 12 мамырында сот орындаушыларының қатысуымен басталды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек АҚШ-та жоғары білім мен ғылым саласындағы стратегиялық әріптестікті дамытуға бағытталған бірқатар...

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Қауіпсіздік Кеңесі отырысында берген тапсырмаларын орындау бойынша Көлік, Қаржы министрліктері...