11-14 мамыр аралығы Венгрия елі Сегед қаласында Байдарка және каноэ есуден Әлем Кубогы өтті. 500 метр аралас каноэ есуден жерлестеріміз Емельянов Сергей мен Искакова Руфина алтыннан алқа тақты.
Спорт мекемелерінің және жан басына шаққандағы спорттық секцияны қаржыландыру бойынша Абай ауданында 46 мекенжайда, Әл-Фараби ауданында 49 мекенжайда, Еңбекші ауданында 35 мекенжайда, Қаратау ауданында 59 мекенжайда, Тұран ауданында 48 мекенжайда спорттық секциялар жұмыс істейді.
Спорт кешендері, стадиондар, футбол манеждері, фитнес-тренажер залдары бойынша Абай ауданында 14, Әл-Фараби ауданында 37, Еңбекші ауданында 8, Қаратау ауданында 34, Тұран ауданында 33 спорттық нысан бар.
Бұқаралық спорттың жағдайы мен дамуы қажетті спорттық инфрақұрылымның болуына байланысты екені белгілі. Қалада статистикалық есеп бойынша 1075 спорттық нысан жұмыс жасауда (оның ішінде: дене шынықтыру және спорттық мәндегі-520, білім мекемелерінде-503, спорт мекемелерінде-52. Жалпы спорт нысандарының- 149 жеке меншікте).
Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылардың үлесін арттыру аясында спорттық тапсырысты жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асыруда Шымкент қаласы бойынша көрсеткіштері алдыңғы қатарда. Бағдарламаны іске асыруға жергілікті бюджеттен 2 323 млн. теңге қаржы бағытталды. Аталған бағдарлама бойынша қазіргі таңда 113 кәсіпкер жұмыс істейді.
Бағдарлама аясында жалпы 217 секциядан тұратын 20 спорт түрімен 19 333 бала тұрақты шұғылдануда. Сонымен қатар, 338 жаттықтырушы және 200-ге жуық қызметкер жұмыспен қамтылған.
Сондай ақ басқарма қарамағындағы 29 мемлекеттік меншіктегі спорт мекемесі және мемлекеттік жекешелік-әріптестік аясында 5 спорт нысаны жұмыс жасайды. Осы спорт мекемелерінде 18 242 спортшымен 906 жаттықтырушы оқу-жаттығу сабақтарын жүргізеді.
Бұқаралық спортты дамыту мақсатында қала мектептері арасында футбол, волейбол, баскетбол, шахмат спорт түрлерінен 2023 жылдың наурыз-маусым айлары аралығында «Шымкент жастар лигасы» өтуде. Сайысқа 526 командадан тұратын 6240 бала қатысуда.
Сонымен қатар, 2023 жылдың 17 қыркүйек күні қала тұрғындарының қатысуымен «Шымкент марафон» спорттық іс-шарасын өткізу жоспарланған.
Бұдан басқа, қала жасөспірімдері арасында футболдан чемпионат, мемлекеттік қызметкерлер арасында спартакиада, медицина қызметкерелері арасында спартакиада, ұлттық спорт түрлерінен мектеп оқушылары арасында жарыс, құқық қорғау қызметкерлері арасында спартакиада, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында спартакиада, Шымкент қаласының қыздар арасында футболдан чемпионат өткізу жоспарланып, аталған спорттық іс-шараларға 33 000 қала тұрғыны мен спортшылардың қатысуы күтілуде.