102 салмақ дәрежесінде сынға түскен шымкенттік спортшы қос жаттығу қорытындысында 400 (181+219) келіні бағындырып, жарыс жеңімпазы атанды.
Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында өткен Азия чемпионатында Нұрғиса Әділетұлы 181 келіні жұлқа көтеруде кіші күміс және 219 келіні серпе көтеруде кіші алтын жүлдеге қол жеткізді.
Еске салар болсақ, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, бокстан КСРО спорт шебері Амалбек Тшановтың 80 жылдық мерейтойына арналған бокстан VII халықаралық турнирі өткен олатын. Жастар арасындағы бәсекеде Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолиядан және еліміздің өзге де аймақтарынан, жалпы 130-дан аса жас спортшы бақ сынасты.
Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылардың үлесін арттыру аясында спорттық тапсырысты жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асыруда Шымкент қаласы бойынша көрсеткіштері алдыңғы қатарда. Бағдарламаны іске асыруға жергілікті бюджеттен 2 323 млн. теңге қаржы бағытталды. Аталған бағдарлама бойынша қазіргі таңда 113 кәсіпкер жұмыс істейді.
Бағдарлама аясында жалпы 217 секциядан тұратын 20 спорт түрімен 19 333 бала тұрақты шұғылдануда. Сонымен қатар, 338 жаттықтырушы және 200-ге жуық қызметкер жұмыспен қамтылған.
Сондай ақ басқарма қарамағындағы 29 мемлекеттік меншіктегі спорт мекемесі және мемлекеттік жекешелік-әріптестік аясында 5 спорт нысаны жұмыс жасайды. Осы спорт мекемелерінде 18 242 спортшымен 906 жаттықтырушы оқу-жаттығу сабақтарын жүргізеді.
Бұқаралық спортты дамыту мақсатында қала мектептері арасында футбол, волейбол, баскетбол, шахмат спорт түрлерінен 2023 жылдың наурыз-маусым айлары аралығында «Шымкент жастар лигасы» өтуде. Сайысқа 526 командадан тұратын 6240 бала қатысуда.