ЖЕТІСАЙ: СЕРІК МАМЫТОВ: АТҚАРЫЛАР ЖҰМЫС АЗ ЕМЕС

ЖЕТІСАЙ: СЕРІК МАМЫТОВ: АТҚАРЫЛАР ЖҰМЫС АЗ ЕМЕС

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыра отырып билік пен бұқара арасындағы байланыстың ашықтығын нығайту мақсатындағы Жетісай ауданы әкімінің бекітілген кестеге сәйкес есептік кездесуі Асықата кентінен бастау алды.
Аталмыш басқосуға аудан әкімімен қатар аудан прокурорының орынбасары Ырысбек Ерназаров пен аудандық полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары Марат Қадырқұлов, барлық бөлім басшылары мен аудандық мәлихат депутаттары Әлихан Утанов пен Олжас Қаныбеков, кент тұрғындары қатысты.
Кездесуде аудан басшысы өткен жылы атқарылған жұмыстардың барысын баяндап, алдағы атқарылар істердің жоспарларын таныстырумен басталып, бұған дейінгі тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің орындалуы барысын таныстырды.
Өткен кездесуде Асықата тұрғындары тарапынан көтерілген мәселелер бойынша «Тәуелсіздік» саябағын абаттандыру бойынша қазіргі таңда қаржы қарастыру жұмыстары жүргізілсе, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларындағы тозығы жеткен асфальттарды жөндеу және балалардың спорт-ойын алаңшаларын салу үшін тиісті бөлімге ұсынылған.
Сондай-ақ, кент көшелерін жарықтандыру және аса қажет деп танылған 6 жерге бейне бақылау камераларын орнату, Ы.Алтынсарин, Т.Досымов және Жамбыл көшелеріне арық-атыздар салу бойынша да жұмыстар жүргізілуде.
Атқарылған және атқарылар істердің жоспарлары бойынша өз ұсыныс-пікірлерін білдірген тұрғындардың сұрақтарына жауап берген аудан әкімі кездесу соңында азаматтарға жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Кездесу мен жеке қабылдау барысында кент тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтар мен айтылған ұсыныс-пікірлер, өтініштер хаттамаға енгізілді. Тиісті жауаптар берілді. Зерделеуді қажет ететін кейбір мәселелер бойынша белгіленген мерзім ішінде жауаптар берілетінін айтты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, осы бағытқа инвестиция тарту, терең өңдеу ісін ширатып, су үнемдеу технологияларын енгізу...

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма...