САУРАН: ЖАҢА ИҚАНДА ЖАРЫҚ МӘСЕЛЕСІ ОҢТАЙЛЫ ШЕШІМІН ТАБАДЫ

САУРАН: ЖАҢА ИҚАНДА ЖАРЫҚ МӘСЕЛЕСІ ОҢТАЙЛЫ ШЕШІМІН ТАБАДЫ

Бүгін Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаев Жаңа Иқан ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. І-тоқсандағы аудан көлемінде жасалған жұмыстардың есебін берді. Тұрғындар тарапынан айтылған уәждің бірі жарық мәселесі. Бұл өткен жолы ауыл тұрғындарымен кездесуде де өзекті мәселе ретінде айтылған. Жаңа Иқан ауыл округінде 1964 жылдан бері электр бағаналары ауыстырылмаған. Жел тұрып, жауын жауса үш ауыл жарықсыз қалады. Аудан әкімдігінің тарапынан, электр желілерін теңгерім ұстаушы «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-не 2022-2027 жылы инвестициялық бағадарламасына енгізуге хат жолданды.
Ибата е/м жаңадан қоныстанған аумаққа электр желісінің ЖСҚ-н әзірлеуге кезекті сессияға өтінім ұсынып, қаржы бөлінеді. Сонымен қатар, электр монтёрлардың тапшылығы да тұрғындар тарапынан көтерілді. Маман тапшылығының салдарынан сөнген жарық дер кезінде қайта қосылмайды. Кемшілікті жою үшін ауыл әкіміне нақты тапсырма берілді.
Жаңа Иқан ауылдық округінде 1500 га жерде суармалы жерлерді сумен қамтамасыз ету үшін Иқан-су өзенінде су қоймасын салу керектігі туралы ауыл тұрғыны Рақметжан Бабаев мәселе көтерді. Жаңа Иқан ауылдық округіне су қоймасын салуға жер рельефі өте қолайлы болуына байланысты, 1500 га суармалы жерлерді ағын сумен қамтамасыз ету үшін Иқан-су өзеніне сиымдылығы 7,277 млн 3 (куб) су қоймасын салу қажет етеді.
Су қойма орналасатын жерге мемлекеттік акті алынып, 2018 жылы жобалық сметалық құжаты әзірленген, жоба құны 3373,309 млн. теңгені құраған. 2018 жылы мемлекеттік сараптаманың мерзімі өтуіне байланысты, Сауран ауданы әкімдігінің тарапынан салалық қорытынды және «Иқан-су өзенінде су қоймасын салу» нысанына түсініктеме әзірленіп, 93563,289 мың теңге қаржы қажет ететіндігі көрсетілді және тиісті құжаттар Түркістан облысының құрылыс басқармасына жолданды.
Тұрғындар тарапынан мұнан өзге де сұрақтар қойылды. Аудан басшысы Ғалымжан Қарабайұлы тиісінше сала мамандарына тапсырмалар берді. Аудан тұрғындары Ғалымжан Қарабайұлының атқарған жұмыстарына оң бағасын берді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ