БӘЙДІБЕК: КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

БӘЙДІБЕК: КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Бекітілген кестеге сәйкес бүгін аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков азаматтармен жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдауға алдын ала жазылған Ағыбет, Ақбастау, Алмалы, Боралдай, Жымбыл және Шаян ауылдық округіндегі елді мекендерінен азаматтар келіп, аудан басшысына ұсыныс-пікірлері мен шағымдарын жеткізіп, бірқатар өтініштерін айтты.
Жеке қабылдауға келген азаматтардың 7-уі тұрғын үй кезегіне қатысты мәселені жеткізді. Ержігіт Шәріпбеков аудан орталығынан тұрғын үй салу үшін жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылғанын. Қаржысы қаралып, жаңадан тұрғын үйлердің құрылысы біткен кезде заңнамаға сәйкес кезекте тұрған азаматтарға берілетіні түсіндірілді.
Төтенше жағдайға байланысты тұрғын үйіне көмек сұраған Ынтымақтық азаматшаға демеушілер есебінен көмек беру жөнінде ауыл әкіміне тапсырма берді.
Шаян ауылындағы 20 коммуналдық тұрғын үйді газға қосу жөнінде жауапты мекемелермен тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқандығын түсіндіріп, шешімі табылатындығын айтты.
Ауыз суға байланысты айтылған Кеңестік тұрғындардың өтініші бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізіп, Бәйдібек су мекемесінің басшысына жоба әзірлеуді тапсырды.
Сонымен қатар аудан әкімі Сарыбұлақ елді мекенің тұрғындарын қабылдады. Қабылдауда жер, электр энергиясының жиі өшуі және карьер мәселесі жөнінде бірқатар талап тілектері мен өтініштерін жеткізді.
Жалпы аудан басшысы тұрғындардың жеткізген мәселесін бақылауына алып, орындалуы жөнінде сала бойынша орынбасарлары мен жауапты бөлім, мекеме басшыларына және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шымкент қаласы медициналық туризмді дамыту бағытында жоғары технологиялық мамандандырылған медициналық көмек көрсететін алдыңғы қатарлы қалаға...

2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жұмыс берушілер 5,1 млн жұмыскердің пайдасына 464 млрд теңге сомасына міндетті зейнетақы жарналарын аударды,...

Премьер-министр Олжас Бектенов Грузияның экономика және тұрақты даму министрі Мариам Квривишвилимен кездесу өткізді. Онда сауда мен инвестицияларды...

Мемлекет басшысының туристік сала мәселелері жөніндегі тапсырмасына сәйкес Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың басшылығымен...