Бұл туралы бүгін аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев Шаға ауылдық округі тұрғындарымен кездесуде хабарлады. Шаға ауыл округінде жарық мәселесі өзекті. Шоқтас елді мекенінде электр желісі жетіспейді. Салдарынан жарық жиі өшеді. Электр желілерін жаңартуды сұрады тұрғындар. Бершінтөбе елді мекенінің екі көшесіне асфальт төсеу, елді мекендерге ауыз судың уақытылы берілуі, жайылымдық және суармалы жерлердің жетіспеуі. Бұл тұрғындар талабы. Сонымен қатар, көшелерді жарықтандыру, қоқыс тастайтын арнайы орынның қажеттілігі де айтылды. Мемлекеттік спорт мектебі мен халық санының өсуіне байланысты жаңа емхана керектігін де алға тартты.
Жыл басында аудан әкімі тұрғындармен кездесуінде 14 мәселе көтерілген болатын. Соның бірі жедел жәрдемнің уақытында келмейтіндігі сұралған болатын. Мәселе өз шешімін тапты. Тағы бір мәселе Қазақстанның ХХХ жылдығы ауылына мектеп қажеттілігі айтылған. 2025 жылы 300 орынды мектеп құрылысын жүргізу үшін Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасына ұсыныс берілген. Мектеп құрлысын жүргізуге жер телімінін шығарып беруге Шаға ауыл округі әкіміне хат жолданған. Қазіргі таңда жер алу үшін жұмыстар жүргізілуде.
Халықпен кездесу барысында: -Алдымызда ауқымды міндеттер тұр. Басты міндетіміз аудан тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында жұмыстар жалғасын табатын болады.
Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларының әрі қарай тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, жаңа кәсіпорындар ашу, жұмыс істеп тұрған қуаттарды кеңейту есебінен аудан экономикасын көтеру, жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша жұмыстар атқарылып, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге жүйелі жұмыстар атқарамыз,-деді аудан басшысы Ғалымжан Қарабайұлы.
Кездесуде мұнан өзге ұсыныстар тұрғындар тарапынан айтылды. Аудан әкімі тиісті сала басшыларына тапсырмалар беріп, орындалуын қадағалауды тапсырды.