Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков ай сайын әр сектор тұрғындарымен кездесіп, қабылдауларын өткізуде.
Жыл басынан бері тұрғындармен кездесуде 570 тапсырма беріліп, орындалуы бақылауға қойылды.
Соның бірі - Бекзат секторындағы кездесуде берілген тапсырмалардың нақты 37-і орындалып, қалған тапсырмалар даму жоспарына енгізіліп, жүйелі жүзеге асатын болады.
Орындалу көрсеткіштерін тоқталар болсақ, Бекзат тұрғын алабының Самал көшесінде «Beeline» интернет желісінің толқынқабылдағыш құрылғысы орнатылды.
Сондай-ақ, Т.Мұстафа көшесінде трансформатор орнатылып, сектор тұрғынының жеке өтініші бойынша жер телімі заңдастырылды.
Одан бөлек, бірнеше тұрғын әлеуметтік дүкен қажеттігін жеткізген болатын.
Ол бойынша тұрғын алабта "әлеуметтік дүкендер" ашу үшін Түркістан облыстық тұрақтандыру қорына ұсыныс жолданып, бос жер іздестірілуде.
Тағы бір тұрғынның көтерген - №7 көшедегі ауыз су мәселесі бойынша, аталған аумаққа инженерлік инфрақұрылым жүргізуге ЖСҚ әзірленуде.
Т. Бәйтерекұлы көшесінде абаттандыру жүргізіліп, алабтың Бекзат аллеясында тұрғын өтініші бойынша шағын дүкен ашылды.
Жаров көшесінде тазалық жұмыстары күшейтіліп, аталған көшеге тас төсеп, жаяу жүргінші жолын салу жоспары түзілді.
Саялы көшесін қала картасына енгізу бойынша жұмыстар басталды.
Түрік шағын ауылында балалар ойын алаңшасының құрылысы жүргізілуде.
Қоса кететіні, аталған секторда «Жайлы мектеп» жобасы аясында 1200 орындықты мектеп салу үшін тиісті құжаттар әзірленуде.