Алматыда психикалық дамуы тежелген балаларға арналған спорт орталығы салынады

Алматыда психикалық дамуы тежелген балаларға арналған спорт орталығы салынады

Алматының Алмалы ауданында психикалық дамуы тежелген балаларға арналған бассейні бар спорт орталығы салынады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуі кезінде айтты, деп хабарлайды NO-COMMENT.KZ тілшісі.

«Райымбек даңғылы, 312 мекенжайында психикалық дамуы тежелген балаларға арналған бассейні бар спорт орталығын салу жобасы әзірленіп жатыр. Құрылысты 2024 жылы бастау жоспарда», - деді Ерболат Досаев.

Сондай-ақ, қала басшысы Абай мен Масаншы көшесінің қиылысында орналасқан бұрынғы теміржол ауруханасы ғимаратының тарихи келбетін сақтай отырып, реконструкциялау жұмыстары жалғасып жатқанын тілге тиек етті.

«Мұнда заманауи балаларды оңалтудың қалалық орталығы ашылады. Бұл жұмыс 2024 жылдың IV тоқсанында аяқталады», - деді ол.

Алматы әкімі жақында «Тастақ» шағын ауданында «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубының екінші филиалы ашылғанын еске салды. Клуб тұрмысы төмен отбасылардың балаларына тегін қосымша білім алуға көмектеседі. Оларды зейнеткер мұғалімдер оқытады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шымкент қаласы медициналық туризмді дамыту бағытында жоғары технологиялық мамандандырылған медициналық көмек көрсететін алдыңғы қатарлы қалаға...

2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жұмыс берушілер 5,1 млн жұмыскердің пайдасына 464 млрд теңге сомасына міндетті зейнетақы жарналарын аударды,...

Премьер-министр Олжас Бектенов Грузияның экономика және тұрақты даму министрі Мариам Квривишвилимен кездесу өткізді. Онда сауда мен инвестицияларды...

Мемлекет басшысының туристік сала мәселелері жөніндегі тапсырмасына сәйкес Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың басшылығымен...