САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАРДЫ АЛАҢДАТҚАН МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАРДЫ АЛАҢДАТҚАН МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Аудан әкімі Арман Абдуллаев әр аптаның бейсенбі күні тұрғындарды бірыңғай қабылдауды жүйелі түрде өткізіп келеді. Бұл жолы аудан әкімінің жеке қабылдауына алдын ала жазылған 18 тұрғынның өтініштері қаралды.
Қабылдауға келген тұрғындар атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, тегін медициналық көмек алу, тұрғын үй салу үшін жер учаскесін беру, заңсыз құрылыс мәселелері және табиғи газға қарыз мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.
Аудан басшысы қабылдау барысында тұрғындар көтерген барлық сұрақтарға заңды түрде жеке-жеке жауап беріп, әрбір мәселеге талқылау жасап, шешу жолдарын қарастырды.
Сонымен қатар, тұрғындардың мәселелерін бақылауда ұстайтындығын айтып, жауапты дербес бөлім басшылары мен қала, кент және ауылдық округ әкімдеріне тиісті тапсырмалар берді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Грузияның экономика және тұрақты даму министрі Мариам Квривишвилимен кездесу өткізді. Онда сауда мен инвестицияларды...

Мемлекет басшысының туристік сала мәселелері жөніндегі тапсырмасына сәйкес Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың басшылығымен...

Премьер-министр Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Онда инфляцияны тежеу жөніндегі шаралар және елдің алдағы...