Жер дауларын қарау кезіндегі өзекті мәселелер талқыланды

Жер дауларын қарау кезіндегі өзекті мәселелер талқыланды
Таяуда Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты «2022 жыл және 2023 жылғы 1 тоқсан ішіндегі жұмыс қорытындылары: жер дауларын қарау кезіндегі өзекті мәселелер» тақырыбында талқылау өткізіп, дөңгелек үстел басында кездесті. Осыған орай судьялар, Алматы қалалық Жер қатынастары басқармасы мен Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының өкілдері диалогқа шақырылды, деп хабарлайды NO-COMMENT.KZ тілшісі Алматы қалалық соттарының Facebook-тегі ресми парақшасына сілтеме жасап.
 
Сот төрағасы Б. Бегалиев өзінің кіріспе сөзінде әкімшілік сот ісін жүргізу барысында даулардың осы санаты өте жиі кездесетінін, сондай-ақ, оларды қарау кезінде күрделі аспектілер жиі туындайтынын айтып өтті. Алматы қалалық МАӘС статистикасының 2022 жылғы және 2023 жылғы бірінші тоқсандағы деректері оның бұл сөзін растай түседі.
 
Судьялар – Т. Төлегенов және Ұ. Қажыкен уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметіне байланысты мәселелерге назар аударды. Алматы қалалық Жер қатынастары басқармасының басшысы Н. Нұрғабылов дауларды сотқа дейінгі тәртіпте реттеуге қатысты өз дәлелдерін келтірді.
 
Кездесуге қатысушылар өзара пікір алмасып, жер заңнамасының нормаларын қолдану және түсіндіру бойынша бірыңғай тәжірибені әзірлеуге бағытталған нақты ұсыныстар берді.
 
Судьялар даулардың осы санаты бойынша сот практикасының өзіндік ерекшеліктерін түсіндіре отырып, қойылған сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ жер заңнамасындағы өзекті өзгерістер туралы өз пікірлерін білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ