Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы шешімі негізінде Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 360 АЕК көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек төленеді. 9-мамыр Жеңіс күні қарсаңында жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан ардагерлер есеп шоттарына 1 242 000 теңгеден аударылады. Сондай-ақ жергілікті майдангерлерге коммуналдық қызметтер төлеміне жеңілдіктер берілген. Ардагерлерге кезектен тыс санаторлық-курорттық емделуге жолдама беріледі.
Сонымен қатар мереке қарсаңында мәслихат шешіміне сай тыл ардагерлеріне 12 АЕК немесе 41 400 теңгеден төленеді. Қалада бүгінде 3 ҰОС ардагері және 2183 тыл ардагері, 87 279 зейнеткер тұрады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының 2019 жылы өткізген «World Population Prospects» мәліметтеріне сәйкес, 2019 жылы 11 адамның 1-і 65 жастан асқан адам болса, 2050 жылға қарай әлемдегі 6 адамның 1-і осы жас мөлшерінен асады екен. Әлемнің әр түкпіріндегі қоғамдар осы ұзақ өмір сүрудің эволюциясынан өтіп жатыр. Кейбіреуі оның алғашқы сатысында болса, екіншісі әлдеқайда асып кеткен. Батыс зерттеушілерінің айтуы бойынша, олардың барлығы осы деңгейге жетеді. Мәселен, 1890 жылы Швецияда халықтың кем дегенде, 50 пайызы 65 жасқа дейін жете алса, қазіргі кезеңде өмір сүру ұзақтығы жоғары елдерде бұл көрсеткіш 90 пайыздан асады. Сонымен қатар, 65 жастан кейінгі өмірдің үлесі 1960 жылдары бестен бір бөлігін құраса, бүгінгі дамыған елдердің көпшілігінде ол төрттен бір немесе одан да көп бөлігін құрайды. БҰҰ қарарында ұйымның қартаю мәселелері жөніндегі қорына түсетін жарналардың төмендегені байқалады. Қазіргі уақытта әлем халқының қартаю қарқыны артып, қарт адамдар кез келген мемлекеттің даму процесіне үлес қоса алатын қоғам мүшесі ретінде мойындалып келеді. БҰҰ Бас Ассамблеясы ел үкіметтері мен үкіметтік емес ұйымдарды қартаю мәселелері бойынша арнайы қорға жарна салуға шақырып отырады.