Шымкент қаласының аумағында орналасқан 3 су арнасына қазір күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Шапырашты су арнасының күрделі жөндеу жұмыстарының -80%-ы, Чумчак 98%-ы, Сай ниже водопада- 95%- ы аяқталуға жақын.
Аталған су арналарының құрылыс жұмыстарына жалпы саны 37 техника 58 жұмысшы жұмылдырылды.
Бүгін тиісті басқарма қызметкерлері жергілікті шаруалармен кездесіп, кездесу барысында тұрғындар жауапты мамандарға өз ұсыныстары мен талаптарын ашық жеткізді. Сондай-ақ 5- мамырдан бастап ағын су беру науқаны басталады деп жоспарлануда.
Айта кететін, Шымкент қаласының аумағындағы өзендер мен каналдарды тазалау жұмыстары жалғасуда.
Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының тапсырмасымен мердігер мекеме қызметкерлері Республика даңғылы мен Алматы тас жолы арқылы өтетін “Қошқар-ата” мен Республика даңғылының бойындағы “Қарасу” өзенін қоқыстан тазартты.
Сонымен қоса 2 каналға Әлімбетов көшесіндегі “Жаңа шек” пен Бәйдібек би көшесінің бойымен өтетін “Чинат-1” каналдарына механикалық және санитарлық тазалау жүргізілді.
Сондай-ақ, айта кететін М.Дүйсенбекұлының тапсырмасына сәйкес жыл басында қала аумағындағы жолдардың сапасын арттыру мақсатында арнайы мониторинг жасалған болатын. Талдау нәтижесінде жөндеуді қажет ететін 20 магистраль көшеге биыл орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Жыл соңына дейін жөндеуден өтетін нысандар:
1. Д.Қонаев даңғылы;
2. Тәуке хан көшесі (Сайрам көшесінен “Корпарация Береке” ЖШС базасы маңындағы айналма жолға дейін);
3. Қазыбек би көшесі;
4. Желтоқсан көшесі (Бейбітшілік көшесінен Қонаев даңғылына дейін);
5. Назарбеков көшесі;
6. Аймауытов көшесі;
7. Көшеров көшесі;
8. Тыныбаев көшесі;
9. Қабанбай батыр көшесі (Ордабасы алаңынан ТЖ вокзалына дейін);
10. Анаров көшесі (ТЖ вокзалынан Жансүгіров көшесіне дейін);
11. Жансүгіров көшесі;
12. Абай даңғылы;
13. Исмайлов көшесі (Рашидов көшесінен Қорғасын айналмасына дейін);
14. Алпысбаев көшесі;
15. Еділбаев көшесі Ақжайық ш/а;
16. Пазиков көшесі Шапағат ш/а;
17. Измир көшесі;
18. Шанин көшесі;
19. Байтіленов көшесі;
20. Үркімбаев көшесі;
21.Орынбаев көшесі.