ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 2023 ЖЫЛДЫҢ 3 АЙЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРМЕН 30 ФАКТІ ОРЫН АЛҒАН(2)

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 2023 ЖЫЛДЫҢ 3 АЙЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРМЕН 30 ФАКТІ ОРЫН АЛҒАН(2)

2023 жылға арналған кешенді іс-шаралар жоспарының аясында түрлі кездесулер, семинар-конференциялар, дебаттар, форумдар, олимпиадалар мен турнирлер, экскурсиялар, акциялар ұйымдастыру көзделуде. Мұнымен қоса, психологиялық көмектер өткізу, үнқағаздар тарату, сауалнама мен ақпараттық қауіпсіздік жүргізу жоспарға алынды. Тарқатар болсақ:
Әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету;
Іске асыру тетіктері: тәрбиенің басым бағыттары бойынша іс-шаралар;
Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтың профилактикасы мен олардың қадалағаусыз және панасыз қалуының алдын алу;
Жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивтік мінез-құлықтың алдын алу;
Балалар мен жасөспірімдерді есірткі, психотроптық, күшті әсер ететін немесе улы заттардан қорғау;
Кәмелетке толмағандар арасында жыныстық тәрбие, ерте жүктіліктің алдын алы;
Кибербуллинг бағыттары негізінде жыл бойы 100-ден астам іс-шара өткізіледі.
Ағымдағы жылдың 25 сәуір – 25 мамыр аралығында 22 іс-шара өз деңгейінде өтті. Басқарма басшысының айтуынша, тиісті шаралар тұрақты жүргізілгеніне қарамай, өзекті мәселелер жоқ емес. Мәселен, аз қамтылған отбасы балалары, жайсыз отбасы, қалалық ювеналды полиция есебінде тұрған және мектепішілік есептегі балалар саны көңіл көншітпейді. Проблемалармен күресу мақсатында есептегі оқушыларға тәлімгер бекіту, түрлі үйірмелер мен спорттық секцияларға қатыстыру - негізгі міндеттердің бірі болып отыр. Қылмыстық оқиғалар жиі қайталанатын криминогенді аймақтар бақылуға алынса, 103 учаскелік полиция инспекторы бекітілген. Ескерте кететін жәйт, аталған шаралар ата-аналардың келісімімен күн тәртібіне енгізілген.
Құмар ойындарға тәуелділікті анықтауға арналған «Такер» тестіне 9-11 сынып аралығындағы жалпы 18 мыңнан астам оқушы қатысса, оның 13 мыңнан астамы жасыл аймақты көрсетті. Бұл дегеніміз компьютерлік ойындарға жағымсыз әрекет танытқан. Сары аймақ 19,6 пайызды құраса, қызыл аймақ 2,8 пайызға тең.
Биыл 3 айдың ішінде Call-орталыққа 320 сұрақ келіп түсіп, 100% жауап беріліп, 6585 қатысушыға түсіндірме жүргізілген. Telegram желісіндегі чат пен сенім телефондары тұрақты режимде жұмыс жасауда. Ақпараттық баннерлер мен билбордтар қаланың әр бұрышында орнатылған.
Айта кетейік, қала әкімінің тапсырмасына сәйкес білім басқармасы Полиция, Төтенше жағдайлар департаменттері, Денсаулық сақтау басқармасы, аудан әкімдіктері және психологиялық орталықтармен жоғарыда айтылған барлық жоспарды бірлесе жүзеге асырады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ