ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 2023 ЖЫЛДЫҢ 3 АЙЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРМЕН 30 ФАКТІ ОРЫН АЛҒАН(1)

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 2023 ЖЫЛДЫҢ 3 АЙЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРМЕН 30 ФАКТІ ОРЫН АЛҒАН(1)

Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу да кешенді іс-шаралар жоспарына сәйкес 7 бағыт бойынша жұмыстар бекітіліп, жоспарға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Одан бөлек, Шымкент қалалық прокуратурасы Шымкент қалалық білім басқармасымен бірлесе отырып, қалалық білім беру ұйымдарында өтетін «Мейірім-жүректен» атты айлық жоспары бекітілді.
Мақсаты: Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың, жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың профилактикасы, сондай-ақ өзіне-өзі қол жұмсау фактілерін болдырмау және өмір қауіпсіздігін сақтау.
Мерзімі: Ағымдағы жылдың 25 сәуір - 25 мамыр аралығы.
Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тажиева БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді. Бала құқықтарын қорғау және зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелеріне тоқталып, атқарылар шараларды баяндады.
Бүгінде кәмелетке толмаған істері және құқығын қорғау комиссиясында 56 мүше бар. Олар ата-ана құқығынан айыру, бейімдеу немесе девиантты балалар орталығына жіберу, кешкі мектепке орналастыру және білім беру ұйымдарының есебін тыңдау негізінде жұмыс істеп келеді.
Одан бөлек, білім беру ұйымдарында 320-дан астам тәрбие жөніндегі орынбасар, 170-ке жуық әлеуметтік педагог және 270-тей педагог-психолог қызмет атқаруда. Барлық білім беру ұйымында медиация кабинеттері ашылып, тәрбие жұмысын дамыту бойынша «Ата-аналар академиясы» бекітілген. Ал басқарма жанынан психологиялық-педагогикалық қызмет, тәрбие беру орталықтары құрылды.
Бұл мегаполисте «Әкелер мектебі», «Аналар/әжелер мектебі», «Ұлдар клубы» мен «Қыздар клубы» саланың түйткілдерін шешуге ықпал етуде. «Үштік одақ», «Оқуға құштар мектеп», Мектеп Парламенті «Өзін-өзі басқару», «Дебаттық қозғалыс» сынды тәрбиелік мәні бар жобалар іске асырылуда. Бірі сыни ойлау дағдыларын қалыптастырса, енді бірі көркем әдебиетке қызығушылықты оятады. Сонымен қатар ең бастысы ата-ана, оқушы-мектеп байланысын арттыруға үлес қосады. «Adal urpaq» және «Sanaly urpaq» еріктілер клубтары болса, білім алушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетке тәрбиелеуге бағыттайды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қызылорда облысындағы Көкарал бөгетінде Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия...