Бүгін Жастар ресурстық орталығының қолдауымен жас қаламгер Жәмилә Бахтиярқызының шығармашылық кеші өтті.
Жәмилә - шығармашылыққа деген құштарлығының арқасында 10 жыл бойы өмірде сирек кездесетін дертті жеңіп, тұла біткен қабілетінің арқасында «Бәйшешек» кітабын дүниеге әкелген.
Шығармашылық кешті ашып берген, Жастар ресурстық орталығы басшысы Мағжан Шыңғысұлы - рухани азық алар кештің бас кейіпкерін «Қарлығаш» кітабының жарыққа шыққан сәтімен құттықтап, өзінің қайсарлығымен көптің арасында беделінің артып жүргенін жеткізіп, алдағы шығармашылық табысына сәттілік тіледі.
Кешке «Қазақстан Республикасының республикалық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің филиалы «Шымкент қалалық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Баян Айтбекқызы, тарихшы Өмір Шыныбекұылы, композитор Марат Ильясов және журналист Күлия Айдарбекова қатысып, жас қаламгерге ізгі лебіздерін білдірді. Сондай-ақ, жазушының шығармаларының ерекшелігі мен әсерлі тұстарымен бөлісті.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев ассамблеяны құру туралы идеясын 1992 жылы Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай саяси институтты құру сол шақтағы көпұлтты, көпконфессиялы қоғамда, егемендігін енді алған ел үшін қажеттілік болғаны рас. Бұл мемлекетті дамытуда мәдениетаралық диалогты нығайтуға, этносаралық қатынастарды шешуге мүмкіндік берді.
Осынау жылдар ішінде Қазақстан халқы ассамблеясы толерантты, қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісін қалыптастырды. Құрылым нығайып, қоғамда халық дипломатиясының ерек үлгісі дамыды. Ұлттық саясаттың концептуалды идеологиясы пісіп жетілді. Әсіресе, қазақ халқының ұлт ретіндегі рухының қайта жаңғырылуы, тарихымыз бен тіліміздің, мәдениет, салт-дәстүрдің дамуына негіз болды. Елдегі 130-дан астам этнос өкілдерінің мүддесі қорғалып, жалпыұлттық тұрақтылық арқылы сындарлы мемлекеттік саясат іске асты.
Кездесуде қаламыздың белсенді жастары мен шығармашылық жолында жүрген жас ақын, жазушылар да кеш ортасынан табылып, өзара рухани азық алар сәттің әсерімен бөлісті.