ШЫМКЕНТ: ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

ШЫМКЕНТ: ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

«Мейірім – жүректен» айлығы аясында Шымкент қаласындағы дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған IT лицей-интернатында «Құқықбұзушылық және жасөспірім» тақырыбында жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық сауаттылықтарын арттыру мақсатында «құқықтық сағат» ұйымдастырылды.
Қазақстан заңнамасына сәйкес жасөспірімдік жастағы тұлғалар (10-19 жас) балаларға да (0-18 жас), жастарға да (14-28 жас) жатқызылады. Бұл кезең орасан зор мүмкіндіктер және өсу-жетілу, күш-қуат және шығармашылық тұрғысынан шексіз дерлік әлеует береді. Алайда, жасөспірімдер – ұл балалар үшін де, қыз балалар үшін де қауіп-қатерлер мен осалдықтар артуына байланысты ерекше көңіл бөлуді де талап етеді.
Жастар әдетте өз-өзіне бағытталған зорлық-зомбылық туралы мүлдем сыр алдырмайды; дегенмен, халықаралық зерттеулер көрсеткендей, өз-өзіне зақым келтіргенін мойындайтын жастар мұндай әрекетке көбінесе жабырқау, алаңдау немесе эмоциялық бұзылыс сезімін жеңілдетуге септесу үшін баратынын айтады. Бірақ, Қазақстанда да, басқа елдерде де жүргізілген зерттеулер суицид жасаған жасөспірімдердің кем дегенде 90%-да депрессия белгілері және психологиялық төзімділік деңгейі төмен болғанын көрсетті.
Кездесуге Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылымысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция майоры Бауыржан Карбеков және Тұран АПБ ЖПҚ ЮПБ УПИ полиция капитаны Мөлдір Ташай қатысты.
Кездесуде сала қызметкерлері жасөспірімдер арасында көптеп кездесетін мәселелерге тоқталып, зиянды әдеттердің қауіптілігі ескертіліп, олардан аулақ болу, салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігі туралы түсіндіріп, жас қылықтардан аулақ болуға шақырды. Сондай-ақ, құқықтық сауаттылық пен психологиялық бағытта толыққанды ақпарат айтылып, оқушылармен кері байланыс орнатылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ