ШЫМКЕНТТЕ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР ЖӘНЕ ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР ЖӘНЕ ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

Шымкент қаласы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты шара өтті. Аталған іс-шарада Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков арнайы құттықтау сөзін сөйлеп, халықтың мызғымас тыныштығы үшін еңбек етіп, күндіз-түні қызметте жүрген полицейлерге Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болуға шақырды.
Мемлекеттік Әнұран мен Көк туымызды ортаға әкелу рәсімінен басталған іс-шарада, ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың мерекелік құттықтау сөзі оқылды.
Салтанатты шара аясында қызметтік міндеттерін мінсіз атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін «Ішкі істер органдарының құрметті қызметкері» төс белгісі полиция полковнигі Бейсенбаев Арман Арун-Рашидұлына табысталды. Сондай-ақ, «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен полиция майоры Раисов Мұратәлі Ахадилұлы, полиция капитаны Оралбеков Асқар Диханбайұлы, полиция сержанты Абдухалықов Азат Шақанұлы марапатталды. ІІМ-нің бұйрығымен 11 қызметкерге мерзімінен бұрын «майор», «подполковник», «полковник» шені берілді.
Бұдан бөлек, ҚР ІІМ тарапынан бес полиция қызметкеріне «Қазақстан полициясына 30 жыл» естелік төс белгісі, II дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төс белгісімен 5 қызметкер, 16 қызметкерге Грамота, 9 қызметкерге Алғыс жарияланып, 20 қызметкердің мерзімінен бұрын тәртіптік шарасы алынды.
Мерекенің соңы талантты полицейлер мен эстрада жұлдыздарының мерекелік концертіне ұласты.
Еліміздің қорғаны - азаматтар! Сіздерді мемлекетіміздің айбынды мерекесі Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз! Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ