Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі, партияның Әл-Фараби аудандық филиалының төрағасы Қожамжарова Дария жеке қабылдауын өткізді.
"AMANAT" партиясы Шымкент қалалық филиалы Қоғамдық қабылдау бөлмесінде Дария Пернешқызы бекітілген кестеге сәйкес тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті рет қабылдады.
Қабылдау кезінде азаматтар халық қалаулысына жұмыспен қамту, тұрғын үй, әлеуметтік көмек, кәсіпкерлерге берілетін несиелер мен гранттар туралы бірқатар сұрақтарымен жүгінді. Тұрғындарды қабылдау барысында жеке кәсібін дамыту бойынша өтініш айтқан жастарға жан-жақты кеңестер берілді.
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде былтыр 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. Іс жүзінде 39 058 адам қатысып, жоспар 116,3 пайызға орындалған. Жастардың үлесі 43,5 пайызға жетіп, 16 980 адам қамтылды.
Былтыр қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы кәсіби білім беру бойынша 1 287 жасты оқуға жолдаған. Олардың 470-і жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес жұмыс орындарында, 262-сі жұмыс берушілердің жұмыс орнында оқыса, 555 адам еnbek.kz порталында онлайн дәріс алған. Ал 15 376 азаматқа кәсіпкерлік қолдау көрсетілген. Оның ішінде 7 084 -і жастар. Мұндағы 6 629 азамат «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқытуға жолданса, 455 жасқа өтеусіз негізде мемлекеттік грант берілген.
Әртүрлі тағдырлар тоғысқан орталықта қариялар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды қамқорлығына бөлеп, олардың өмірін жақсартуға жағдай жасалып келеді.
2022 жылы 75 көпқабатты үйдің ауласы көріктендіріліп, 11 кешенді балалар ойын алаңшалары салынды. Сондай-ақ, биыл 35 көпқабатты үй ауласы және 4 кешенді балалар ойын алаңшаларын құруға қаржы қаралып, абаттандыру жұмыстары басталды.