Бәйдібек ауданына қарасты Сарыбұлақ, Екпінді, Бірлік елді мекендерінің тұрғындары электр энергиясы қуатының төмен екендігі, қосымша трансформатор орнату жөнінде өтініш білдірген болатын.
Аталған үш елді мекені тұрғындарының көтерген мәселесі шешімін тауып, жаңадан қосымша трансформаторлар орнатылуда.
Өтініштерінің дер кезінде шешімі табылып, қолдау білдірген Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мен трансформаторларды алуға демеушілік жасаған Алагеум компаниясына Сарыбұлақ, Екпінді және Бірлік елді мекенінің тұрғындары алғыстарын білдіруде, деп хабарлайды Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.