ЖЕТІСАЙ: КЕЗДЕСУДЕ АЙТЫЛҒАН МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАБУДА

ЖЕТІСАЙ: КЕЗДЕСУДЕ АЙТЫЛҒАН МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАБУДА

Осыдан бір айға жуық уақыт бұрын, яғни, 18 мамыр күні Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың Ж.Ералиев ауылдық округі тұрғындарымен өткен есептік кездесуінде округке қарасты Абай елді мекені, Бірлік көшесінің тұрғыны Бекжан Усманов мүмкіндігі шектеліп, жүріп-тұруы қоларбаға тәуелді екендігін айтып, кедергісіз орта қалыптастыру мақсатында көшені асфальттап беруді өтінген болатын. Айтылған өтініш, берілген уәде орындалды.
Аудан басшысының тікелей бақылауымен «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Абай және Арай елді мекендеріндегі көшелерге жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жыл соңына дейін Арай, Абай, Үтіртөбе ауылдарында 442,9 млн теңгеге жалпы 9 көше орта жөндеуден өтсе, көктемгі жаңбыр мен қар салдарынан жер асты суының көтерілуінен елді мекендерді су басу қаупінің алдын алуға Бәйтерек, Сейфуллин ауылдарынан арық-атыздар қазу жұмыстарына 8,8 млн теңге, ал, Бәйтерек елді мекенінен дәрігерлік амбулатория салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге 10,9 млн теңге, Көктөбе елді мекенінен фельдшерлік-акушерлік пункт салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге 8,3 млн теңге қаралған.
Сонымен қатар, Сейфуллин елді мекенінің ауыз су жүйелерін қайта құруға 610,6 млн теңге, Жазықсай елді мекеніндегі ауыз су құбырларын ағымдағы жөндеу, ауыз су жәшіктерін орнату жұмыстарына 25 млн теңге бөлініп, жаңадан түскен Арай, Абай, С.Сейфуллин, Жетіқазына, Үтіртөбе, Көктөбе, Бәйтерек, Ғ.Мұратбаев көшелеріне электр желілерін жүргізуге және трансформатор (КТП) орнату үшін жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 6,5 млн теңге, Ғ.Мұратбаев ауылының газ өткізгішінің құрылысына (түзету) 60,4 млн теңге, Жетіқазына, Ә.Әлімбетов елді мекендерінің газ өткізгіш құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге 4,9 млн теңге, Бәйтерек ауылындағы спорт алаңшаның құрылысына 11 млн, Үтіртөбе ауылындағы бассейн және балалар алаңшасын салуға 18,7 млн теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін таңертемен спорт сүйер көпшілік қаламыздың мақтанышы “Дендросаябаққа” жиналды. Онда Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай жаппай жүгіру...

«Интер Майами» добился крупной победы и лидирует в МЛС. Нью-Ингленд Революшн — Интер 1:4 Через неделю «Интер Майами» ждет первое в нынешнем сезоне испытание повышенной...