ШЫМКЕНТТЕ ОҚУ КУРСЫН АЯҚТАҒАН 200-ДЕН АСТАМ КӨПБАЛАЛЫ АНА ЖЕКЕ КӘСІППЕН АЙНАЛЫСУДА

ШЫМКЕНТТЕ ОҚУ КУРСЫН АЯҚТАҒАН 200-ДЕН АСТАМ КӨПБАЛАЛЫ АНА ЖЕКЕ КӘСІППЕН АЙНАЛЫСУДА

Бүгінде түрлі кәсіпті дөңгелетіп отырған 200-ден астам көпбалалы ана осыған дейін аз қамтылған отбасылар санатында атаулы әлеуметтік көмек алып келген. Қалалық жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Бақытты жанұя» орталығында оқу курсын аяқтаған соң үй жағдайында түрлі кәсіппен айналысып, табыс табуда. Тіпті курстан өткен 60-тан астам қыз-келіншек сұлулық салонын, тігін шеберханасын, массаж кабинетін ашып, бүгінде тұрмыстарын түзеген.
«Бақытты жанұя» орталығында 14 тегін курс ұйымдастырылған. Бағдарлама қатысушылары дефектолог, логопед, массаж, киім пішу, тігу, құрақ құрау, кондитерлік, шаштараз, маникюр-педикюр, компьютерлік, SMM курстарынан өтуде. Оқу курстарынан кейін сертификат иелері жұмыспен қамту шараларына қатыстырылады. Сондай-ақ аз қамтылған көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету мақсатында орталықта ақпараттық, психологиялық, медиаторлық, құқықтық қызметтер де көрсетіледі. Мұнда Еqov.kz порталы арқылы көрсетілетін электронды қызмет түрлерін меңгеруге де жағдай жасалған.
2022 жылдың қорытындысы бойынша қаламызда 31 382 адамға (ақпараттық қолдау, психологиялық, медиаторлық, құқықтық кеңес беру, атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыру, білім, денсаулық сақтау (Медициналық Әлеуметтік Сараптама Жүргізу (ВТЭК) тұрғын үй кезегіне тұру, Еqov.kz порталы арқылы құжаттарды тапсыру немесе алу қызметтері, aleumet.egov.kz сайты арқылы азық-түлік себеттеріне тіркелуіне және т.б.) қызмет көрсетілді. Оның ішінде: 501 азаматтарға психологтың жеке кеңесі, 358 азаматтарға заңгер кеңесі берілген.
Орталық мамандары қалалық тұрғын үй басқармасы және «Отбасы банк» АҚ қызметкерлерімен бірлесе 200-ден астам азаматшаның арнайы санаттар бойынша пәтер кезегіне тіркелуіне, 30-ға жуық отбасының мемлекеттік бағдарламалар аясында баспаналы болуына ұйытқы болған. Сондай-ақ орталықта жыл басынан бері өмірлік қиын жағдайға тап болған 800-ден астам азаматшаға психологиялық-құқықтық көмек көрсетілген, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президент тапсырмасын орындау аясында мемлекетке заңсыз жолмен алынған активтерді қайтару есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру...