КЕЛЕС: ЖҮЗІМДІКТЕ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ САЛЫНАДЫ

КЕЛЕС: ЖҮЗІМДІКТЕ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ САЛЫНАДЫ

Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Жүзімдік ауылдық округіне келіп, жергілікті тұрғындармен кездесті. Аудан басшысымен бірге кездесуге аудандық мәслихаттың төрағасы Нұржан Шаулиев, дербес бөлім басшылары мен мекеме басшылары және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Аудан әкімі алдымен өткен кездесуде көтерілген мәселелердің шешілу барысымен бөлісіп, алдағы жоспарларды атап өтті.
— Сіздерге осы кездесуге өз уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге алғыс айтамын. Жыл басында сіздермен есепті кездесу өткен болатын. Сол кезде маңызды мәселелер көтеріліп, түйіткілдерді шешу бойыша арнайы іс-шара жоспары жасалып, жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Солардың бірі Жүзімдік елді мекеніне 149 орындық мәдениет үйі салу үшін жобалық сметалық құжаттары қайта әзірленіп (корректировка жұмыстары жүргізілді), мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынды. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін облыстық салалық басқармаға бюджеттік өтінім ұсынылды. Құрылыс жұмыстары 2024-2025 жылдаы жүргізілетін болады, - деді аудан басшысы.
Сонымен қатар өткен кездесу барысында ауылдық округі аумағынан дәрігерлік амбулатория салу, инфрақұрылым жүйелерін жүргізу, жаңарту бағытында мәселелер көтерілген болатын. Жүзімдік елді мекеніне дәрігерлік амбулатория құрылысын жүргізу үшін 0,50 га жер телімі қарастырылып, мемлекеттік акт құжаттары рәсімделді. Қазіргі таңда «Абай» Келес аудандық ауруханасы тарапынан сәулет-жоспарлау тапсырмасы әзірленуде. Сонымен қатар Жүзімдік елді мекеннің ауыз суын теңгерімге өткізу бойынша Түркістан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан обылыс бойынша біріңғай су беру мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны құрылуда. Ал Жүзімдік елді мекенінің ішкі көшелерін орта жөндеу бойынша қолданыстағы заң өзгеруіне байланысты сметалық құжаттар қайта дайындалып, ведомоствалық сараптамаға қайта ұсынылды. Ақсу елді мекенінде шағал жол төсеу жұмыстары ағымдағы жылдың жоспарына енгізілген. Жыл соңына дейін шағал жол төсеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Іс-шарадағы қалған мәселелерді шешу бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Кейбір мәселелерді шешу үшін бюджеттен қаржы қарастыруға қосымша уақыт талап етуде. Кездесу барысында тұрғындар елді мекендердің санитарлық-тазалығы, басталған инфрақұрылым жұмыстарын тездетіп аяқтау және әлеуметтік мәселелерді көтеріп, аудан басшысынан тиісті жауаптарын алды. Кездесу соңынан жеке мәселелері бойынша келген тұрғындары қабылдаған аудан әкімі олардың түйіткілдерін шешу бағытында қажетті шараларды қабылдап, орындалуын өз бақылауына алды, деп хабарлайды Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президент тапсырмасын орындау аясында мемлекетке заңсыз жолмен алынған активтерді қайтару есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру...