Бүгін аудан әкімі Қарақұм ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, осыдан үш ай бұрынғы кездесуде қарақұмдықтар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша қолға алынған жұмыстарға және алдағы уақытта жүзеге асырылатын жобаларға кеңінен тоқталды.
Алдыңғы кездесуде тұрғындар аудан басшысынан ауылдағы мәдениет үйін ертерек бітіріп беруді сұраған болатын. Ол нысан қыркүйек айында ел игілігіне тапсырылатын болды.
Сондай-ақ Қарақұм ауылын табиғи газбен қамту жұмыстары да шілде айында аяқталуы жоспарлып отыр:
- Биыл Қарақұмда балалар ойын алаңшасы салынады.
- М.Әуезов көшесі орташа жөндеуден өткізіледі.
- Полигонға баратын жолға тас төселеді.
- Жаңақұрылыс аумағына тас төселеді.
- Қарақұмда жыл басынан ауылшаруашылық саласына 48 млн.тг.инвестиция тартылған.
- 176 адам жұмыспен қамту шараларына қатысқан.
Осы және басқа да жұмыстар баяндалып, тұрғындар тарапынан ағын су, газ және т.б.салаларға қатысты сауалдар қойылды, деп хабарлайды Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.