САЙРАМ: АУДАН ӘКІМІ АРДАГЕРЛЕР МЕН ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

САЙРАМ: АУДАН ӘКІМІ АРДАГЕРЛЕР МЕН ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Аудан әкімі Арман Сәбитұлы аудан ардагерлері мен зиялы қауым өкілдерімен аудандық ардагерлер үйінде кездесті.
Жиынға аудан әкімінің кеңесшісі Р.Есполай, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы І.Айтжан және аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы С.Реметов қатысты.
Алдымен аудан әкімі өзінің еңбек жолын таныстырып, ауданның белсенділерімен сұхбаттасты. Салаларға қатысты ой-пікірлерін тыңдап, қажетті кеңестерін алды.
- Бүгін қызметке келген уақыттан бастап Сіздермен кездесіп, ауданның өзекті мәселелері жайлы пікірлесіп, жүздесуді жөн көрдім. Біздің қашанда елдің қазыналы қарттарымызға деген құрметіміз бөлек. Барлығыңыз осы ауданда талай жылдары еңбек етіп, өмірлік әрі еңбек жолында тәжірибе жинақтағансыздар. Зейнетке шықсаңыздар да, қоғамдық жұмысқа белсенді араласып, жастарға үлгі болып келесіздер. Аудандық ардагерлер кеңесіне келіп, қоғамның бел ортасында жүріп, ауданның дамуына елеулі үлес қосып отырсыздар. Алдағы уақытта аудан игілігі үшін атқарылатын жұмыстарға қолдау білдірсеңіздер, - деді.
Ардагерлер А.Қабылбеков, У.Бөрібекұлы, А.Құрманбеков, Ә.Шалабаева және қоғам белсендісі М.Есалиев аудан басшысын жаңа қызметімен құттықтады. Өз кезегінде аудандағы өзекті, қордаланған мәселелерді бақылауға алып, оң шешімін қарастыру, аудан әлеуетін арттыру, мәдениет үйін салу, халықтың мәдениетін көтеру, жастарға білім мен тәрбие беру, мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету, тұрғын үймен қамту, коммуналдық жүйелермен қамтамасыз ету, санитарлық тазалық сақтау, білімді кадрларды қызметке орналастыру секілді бірқатар мәселелер көтерілді.
Аудан әкімі аға буынның ұсыныстарына жауапкершілікпен қарайтынын түсіндіріп, алдағы жоспарымен бөлісті.
Басқосу соңында ардагерлер ақ батасын берді.
Ашық, еркін форматта өткен кездесу өз жалғасын табатын болады, деп хабарлайды Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында тиісті ведомстволар мен әкімдіктердің өрт шығу қаупі бар кезеңге дайындығы...

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында туризмді дамыту мәселелері қаралды. Өткен жылғы қыркүйектегі Президенттің...

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі су тасқыны жағдайы күн тәртібінен тыс қаралды, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі...