МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Шымкент қалалық «AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалы жанындағы Партиялық мониторинг тобының мүшелері, партия белсенділері аудандағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне, дәрі-дәрмектердің жекелеген түрлері меy бағаларына мониторинг жұмыстарын жасады, деп хабарлайды NO-COMMENT.KZ ақпарат агенттігі.
Аталмыш жұмыстар аясында аудан аумағындағы «Magnum» сауда орталығында болып азық-түлік бағаларына зерделеу жасалды. Азық-түлік бағалары бекітілген бағаларға сай. Кәсіп иесіне сала мамандары тарапынан бағаны негізсіз қымбаттатпау қажеттілігі айтылды.
Сонымен қатар, мониторинг жұмыстары барысында аудандағы «Азия Фарм» дәріханасындағы дәрі бағаларына мониторинг жасалды. Баға шекті бағадан аспаған.
Зерделеу барасында арнайы құралған жұмысшы топ өкілдері аталған нысандарды бейімдеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар аудан бойынша ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға арналған әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне мониторинг жүргізуді қоса алғанда, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін инфрақұрылымды жақсарту тиісті бойынша ұсыныстар берілді.
Орналасқан кәсіпкерлік нысандарға жүргізілген мониторинг барысында ірі және шағын мейрамханалар, дәріханалар мен азық-түлік маркеттері, сауда үйлері аумақтарының басым бөлігінде толығымен келушілерге қолайлы жағдай жасалып, абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары жүргізілгендігі анықталды.
Сонымен қатар, мониторинг жұмыстары барысында аудандағы «ФармЛайн»дәріханасындағы дәрі бағаларына мониторинг жасалды. Баға шекті бағадан аспаған.
Алдағы уақытта партия тарапынан дәрілік заттардың бағасын зерделеу жұмыстары жалғасатын болады. Мониторинг топ дәрілік препараттардың шекті бағадан аспай саудалануын, дәріханналарда әрбір келушіге түбіртек берілуін және дәрі тапшылығы да ескерілетін болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін таңертемен спорт сүйер көпшілік қаламыздың мақтанышы “Дендросаябаққа” жиналды. Онда Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай жаппай жүгіру...

«Интер Майами» добился крупной победы и лидирует в МЛС. Нью-Ингленд Революшн — Интер 1:4 Через неделю «Интер Майами» ждет первое в нынешнем сезоне испытание повышенной...