САРЫАҒАШ: ТҮЙІТКІЛДІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ТҮЙІНІ ТАРҚАТЫЛДЫ

САРЫАҒАШ: ТҮЙІТКІЛДІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ТҮЙІНІ ТАРҚАТЫЛДЫ

Аудан әкімі Арман Абдуллаевтың тұрғындармен кезекті кездесуі Әлімтау ауылдық округінде өтті. Кездесуде аудан басшысы аудан көлемінде әр саладағы көрсеткіштеріне жеке-жеке тоқтала келіп, түйінді мәселелерді шешу жолдарын айтып өтті.
Одан кейін, жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып, алдағы жоспарлармен бөлісіп, ауыл тұрғындарымен бірге өзекті мәселелерді егжей-тегжейлі талқылады.
Кездесу барысында «Біздің мақсатымыз – сіздермен еркін пікір алмасып, маңызды мәселелерді талқылау. Себебі ауыл мәселесін сіздерден артық білетін ешкім жоқ. Алдағы уақытта да ауылдарды дамыту жұмыстары жаңа қарқынмен жалғасатын болады», - деді Арман Абдуллаев.
Еркін форматта өткен кездесуде тұрғындар көпірді күрделі жөндеуден өткізу, табиғи газбен қамтамасыз ету, таза ауыз сумен қамтамасыз ету туралы мәселелерді көтерді. Аудан әкімі Арман Абдуллаев әрбір тұрғынның сұрағын жауапсыз қалдырмай, барлық сұраққа жеке жеке тоқталып, заң аясында жауап берді. Жиыннан соң ауыл жұрты жеке мәселелері бойынша әкім қабылдауында болып, түйіткілді мәселелердің түйіні тарқатылды, деп хабарлайды Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің тапсырмасына сәйкес Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі цифрлық ведомствомен бірлесіп Отбасының цифрлық картасында...