САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ АРМАН АБДУЛЛАЕВ ЖЕМІСТІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ АРМАН АБДУЛЛАЕВ ЖЕМІСТІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев тұрғындармен кездесудің ІІ тоқсанын Жемісті ауылдық округінің тұрғындарымен жалғастырды.Тұрғындардың өзекті мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады.
-Бүгін өздеріңізбен жүздесіп, маңызды мәселелерді бірге талқылау үшін арнайы келіп отырмын. Сіздерге осы есепті кездесуге өз уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге алғыс айтамын.Ең алдымен істелген жұмыстарды саралап, жоспарларды талқылаймыз.Жергілікті биліктің ең басты мақсаты – тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету,-дей отыра, аудан басшысы наурыз айындағы кездесу барысында ,баяндаған жоспарлары бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды айтып өтті.
Айта кетсек, елдімекен көшелеріне электр бағаналарын қойып, электр желісін тарту және трансформатор құрылысын жүргізуге, елді мекені орталығында орналасқан ауыз су ұңғыма айналасын қоршау, Тың елді мекенінде интернет жылдамдығын көтеру мәселелері бойынша атқарылған жұмыстарды баяндап өтті.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары тұрғын үй салу үшін жер учаскесін беру, ауыз су құбырларын ауыстыру,дәрігерлік емхана салу,ауыз су тарифін бағасын төмендету мәселелері талқыланды.
Аудан әкімі Арман Абдуллаев тұрғындар көтерген мәселелердің әрбіріне жеке-жеке тоқталып, мәселелердің шешілу жолдарын қарастырып, заңға сәйкес тиісті жауап берді, деп хабарлайды Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...