САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ДЕРБІСЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЖАЛҒАСЫП, ҰСЫНЫСТАРЫ ТЫҢДАЛДЫ

САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ДЕРБІСЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЖАЛҒАСЫП, ҰСЫНЫСТАРЫ ТЫҢДАЛДЫ

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев тұрғындармен кездесудің ІІ тоқсанын Дербісек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесумен жалғастырды. Аудан басшысы Дербісек ауылдық округі тұрғындарының ұсыныстары мен өтініштерін тыңдады.
Кездесу барысында аудан басшысы наурыз айында баяндаған жоспарлары бойынша атқарылып жатқан жұмыстарын айтып өтті.
Қазіргі таңда, Дербісек елді мекенінде ауыз сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысы, жер танабын жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесі кезегіндегі тұрғындарға беру, ауылдық округі аумағынан елді мекен шегіне енген жерден «Жайлы мектеп» құрылысын жүргізу үшін жер телімін ажырату мәселелері.
- Бүгін өздеріңізбен жүздесіп, маңызды мәселелерді бірге талқылау үшін арнайы келіп отырмын. Мақсат - талаптарыңыз бен ұсыныстарыңызды тыңдау. Сіздердің әрбір өтініштеріңіз назарға алынып, алдағы уақытта бюджеттің мүмкіндігіне қарай тиісті жұмыстар атқарылатын болады, – деді аудан басшысы Арман Абдуллаев.
Кездесуде ауыл тұрғындары тарапынан аудан басшысына жарықтандыру, таза ауыз сумен қамтамасыз ету, ағын су, мектепті күрделі жөндеуден өткізу, тұрғын үй салу үшін жер учаскесін беру, қашыртқыларды тазалау,көшелерді жарықтандыру мәселелері бойынша сұрақтар қойылып, заң аясында тиісті жауаптар берілді.
Кездесуден кейін, аудан басшысы тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, өтініштерін тыңдап, заң аясында жауап берді.
Аудан әкімі Арман Абдуллаев тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе назарға алынып, кезең-кезеңімен шешілу жолдары қарастырылып, алдағы уақытта заңға сәйкес тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді, деп хабарлайды Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...