САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚПЕН ІІ ТОҚСАНДАҒЫ КЕЗДЕСУЛЕРІ БАСТАЛДЫ

САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚПЕН ІІ ТОҚСАНДАҒЫ КЕЗДЕСУЛЕРІ БАСТАЛДЫ

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Ақжар ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады.
Аудан басшысы наурыз айында кездесу барысында ,баяндаған жоспарлары бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап өтті.
Айта кетсек, Бағыс елді мекеніндегі №23 Ғ.Мұратбаев атындағы 300 орындық мектеп құрылысы, ішкі көшелерді асфальттау, Бағыс елді мекеніндегі 4G мобильді интернеттің жылдамдығын жоғарылату және ауыз сумен қамтамасыз ету қазіргі таңда өзекті мәселелер болып келеді.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары тұрғын үй салу үшін жер учаскесін беру, таза ауыз сумен қамтамасыз ету, асфальт жол салу, жұмыспен қамту, қашыртқыларды тазалау, игерілмей жатқан жерлерді қайтару туралы өтініштері мен пікірлерін айтты.
Аудан әкімі Арман Абдуллаев тұрғындар көтерген мәселелердің әрбіріне жеке-жеке тоқталып, мәселелердің шешілу жолдарын қарастырып, заңға сәйкес тиісті жауап берді.
Кездесуден кейін, аудан басшысы ауыл тұрғындарын жеке қабылдады.
Қабылдауға келген тұрғындар жарықтандыру мәселесін көтерді. Аудан басшысы ауыл тұрғындарын қабылдау барысында ауыл әкімі мен тиісті мекеме басшыларына өтініштерді назарға алып, заңға сәйкес оң шешуді тапсырды, деп хабарлайды Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...