САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАРМЕН КӨТЕРІЛГЕН ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАРМЕН КӨТЕРІЛГЕН ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Бүгін аудан басшысы Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласының тұрғындарымен көтерілген өзекті мәселелерді шешу жолдарын нақтылау мақсатында арнайы жұмысшы топпен барды.
Тұрғындармен кездесу барысында су шаруашылығы мамандарымен кеңесе отырып, су сызаттарын тоқтату мәселесі талқыланды. Өз кезегінде, құбырлы дренаж жүйесін салу және су қашыртқысын механикалық тазалау бойынша шешім қабылданды.
Осы орайда, аудан басшысы Арман Абдуллаев жоғарыдағы мәселелерді шешуге байланысты, сметалық құжаттарды әзірлеу жөнінде жауапты мекеме басшыларына тапсырма берді.
Тұрғындардың әрбір мәселесі аудан басшысының назарында, деп хабарлайды Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...