САРЫАҒАШ: АРМАН АБДУЛЛАЕВ «АЛМАТЕЛ ҚАЗАҚСТАН» ӨКІЛДЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

САРЫАҒАШ: АРМАН АБДУЛЛАЕВ «АЛМАТЕЛ ҚАЗАҚСТАН» ӨКІЛДЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев «АлмаТел Қазақстан» АҚ Шымкент филиалының директоры Райбек Жанарымды қабылдады. Кездесу барысында елді мекендерді техникалық мүмкіндіктеріне қарай талшықты-оптикалық желілерге қосылу арқылы, яғни GPON технологиясы арқылы тұрғын үйлерге жоғары жылдамдықтағы кабельді интернет жеткізу мәселелері талқыланды.
Аудан басшысы Арман Абдуллаев тұрғын үйлерге талшықты-оптикалық желілер арқылы жоғары жылдамдықтағы интернет жеткізу ақылы негізде жүргізілуіне орай, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын және әлеуметтік сауалнамалар жүргізу қажеттігін атап өтті.
Айта кетсек, Gigabit PON технологиясы қазір талшықты-оптикалық магистральге қосылудың ең тиімді әрі жоғары сұранысқа ие жолы. Оның артықшылығы сол, тұтынушы мен жеткізуші желіні өзара байланыстыратын әр тұрғын үйге арнайы арна құруды көздейді, деп хабарлайды Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2025 жылы Қазақстанда 2,1 млн гектар алаңда үйірлі шегіртке тектес зиянкестердің таралуы болжануда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 млн гектарға...

Кездесу барысында тараптар Жамбыл облысында жүгеріні терең өңдеуге арналған тікелей интеграцияланған өнеркәсіптік парк салу бойынша ауқымды...